Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесі

Приозерск қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «29» желтоқсан
№ 51/357 қаулысымен бекітілген

              

Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі

        мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқару функциясын жүзеге асыруға, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзiрлеуге, қалалық бюджетті атқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 101100, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 5.
  9. Мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде – "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Приозерск".

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылуы туралы шешім қабылдайтын Приозерск қаласының әкімдігі мемлекеттік органның құрылтайшысы болып табылады.

Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

  1. Мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  2. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары

1) қалада әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындарының әл-ауқаты деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асыру ("Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабы, 1-тармағы, 1-8-тармақшасы; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1-бабы, 2-тармағы);

2) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүзеге асыру, қаланы дамыту Бағдарламасын, бес жылдық кезеңге арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму Болжамын қалыптастыру арқылы экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ат салысу ("Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабы, 1-тармағы, 1-8-тармақшасы);

3)  инвестициялық белсенділікті арттыруға жағдай жасау («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабы, 1-тармағы,                               4- тармақшасы);

4) әртараптандыру мен бәсекеге қабылеттілікті арттыруды қамтамасыз ететін экономиканың басымды бағыттағы секторларын дамыту (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексі  16-бабы,                1-тармағы);

5) нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы, 1-бабы, 2-тармағы);

6) жергілікті деңгейде салықтық және қаржы-несиелік саясатпен әрекеттесіп  мемлекеттік бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,61-бабы, 1-1-тармағы, 2-тармақшасы);

7) бюджетті жоспарлау және игеру сапасын арттыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  82-бабы, 7-тармағы).

 

 

:

8) кірістер мен шығыстарды экономикалық жоспарлау негізінде және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келесі қаржы жылына қалалық (жергілікті) бюджеттің жобасын құру;

9) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, экономикалық талдау жасау және реформалар барысын бағалау;

10) бюджеттік есепке алуды жүргізу және қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті құрастыру.

  1. Өкілеттіктері:
  2. құқықтары мен міндеттері:
  • қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 1-8-тармақшасы; Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  61-бабы, 1-1-тармағы,                                2-тармақшасы);
  • жергілікті атқарушы органдармен орта мерзімді жоспарларын, экономика саласындағы өңірлік, қалалық бағдарламаларын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексі 17-бабы,1-тармағы);
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекет үлесі бар заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу («Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,1-бабы, 2-1-тармағы);
  • экономикалық сараптама өткізу және консультациялар алу үшін келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды қатыстыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 154-бабы, 9-тармағы);
  • өз құзыреті шегінде қала әкімі орынбасарының келісуімен мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау мағлұматтарды дайындау және ұсыну («Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,1-бабы, 2-1-тармағы);
  • бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингі барысында бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттың игерілмеу себептерін көрсете отырып және бағдарламаларды іске асыру жөніндегі ұсынымдармен бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілмеу туралы ақпаратты қала әкімдігіне; қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне - бюджет қаражатын игеруді қаржыландыру жоспарларынан артта қалу фактілері бойынша; тиісті бюджеттік комиссияларға - жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы тағайындауларды қайта қарау қажеттілігі туралы ақпаратты қала әкімдігіне жолдау (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі»);
  • заңнамамен көзделген жағдайларда секвестр болжанған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтату (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі»);
  • қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен келісіп, түсімдердің болжамдық көлемі ескеріліп, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың айлық кестесіне өзгерістер енгізу (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі);
  • Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы,  31-бабы, 2-тармағы).
  1. Функциялары:

1) қаланың Даму бағдарламасын, бес жылдық кезеңге арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму Болжамын әзірлеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 61-бабы,  4-тармағы, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы,         3.7.-бабы, 42-тармағы);

2) қаланы дамыту Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту ("Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы, 3.7.-бабы, 44-тармағы);

  • бес жылдық кезеңге арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму Болжамының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы, 3.4-бабы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 61-бабы, 4-тармағы);

4) қаланың Даму бағдарламасын бірлесіп орындаушылары - қаланың атқарушы органдарының деректерін жинақтау арқылы қаланың Даму бағдарламасына мониторинг жүргізу ("Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы, 3.7.-бабы,                             45-тармағы);

5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен көрсеткіштердің базалық Тізбесіне сәйкес, қаланың Даму бағдарламасына уақтылы өзектендіру/түзету жүргізу ("Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы,                     5.6.-бабы, 128-тармағы);

  • бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  32-бабы, 2-тармағы);

7)  экономикалық жағдайды, еңбек, капитал және тауар нарығының ахуалын талдау, реформалардың орындалу барысын бағалау және қала экономикасын дамыту  үшін жан-жақты шаралар қолдану («Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы, 31-бабы, 1-тармағы,                                   4-тармақшасы);

8) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын, стратегиялық және орта мерзімдегі даму жоспарларының жүзеге асу барысын мониторингілеу ("Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы, 3.6.-бабы, 40-тармағы);

9) қаланың тиісті кезеңдегі экономикалық жағдайы туралы ақпараттар мен баяндамалар дайындау, экономика құрылымындағы үйлеспеушілікті айқындау және оларды жою жолдарын белгілеу («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 1-8- тармақшасы);

10) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қала кәсіпорындарының қаржылық сауықтандыру саясатын әзірлеуге қатысу («Мемлекеттік мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 18-бабы, 25-тармағы);

11) өз құзыреті шегінде қаланың өндірістік  және экономиканың басқа секторларындағы кәсіпорындар қызметіне мониторинг жүргізу (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексі  17-бабы,                1-тармағы);

  • инвестициялық белсенділік шараларды, инвестициялық және инновациялық саясатты қалыптастыруды ұйымдастыру және үйлестіру («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 4- тармақшасы);

13) бюджеттік комиссия қызметін ұйымдастыру, бюджеттік комиссия отырыстарына мерзімі және күн тәртібіне сәйкес мағлұматтар дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  57-бабы, 4-тармағы);

14) 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы, мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы және қаланың Даму бағдарламасы негізінде үш жылғы кезеңдегі қалалық бюджетті қалыптастыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  64-бабы, 1-1тармағы; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы, 3.4.-бабы, 2-тармағы)

15) қалалық бюджеттен  қаржыланатын жергілікті  бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарастыру және олар бойынша қорытындылар дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  68-бабы, 3-тармағы);

16) алдағы үш жылдық мерзімдегі бюджет жобасын, кірістер мен шығыстарды экономикалық негіздеу арқылы бюджетке өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлеу және қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік комиссия қарауына енгізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  73-бабы, 1-тармағы; 109-бабы, 1-тармағы);

17) орта мерзімді кезеңге  жергілікті бюджеттің кірістерін болжамдау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  65-бабы, 1-1-тармағы);

  • тиісті үш жылғы кезеңге қалалық бюджет туралы қалалық мәслихат сессиясының шешімін жүзеге асыру жөніндегі қала әкімдігі қаулыларының жобасын әзірлеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 79-бабы, 1-тармағы);

19)  басымды бағыттағы бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  153-бабы, 7-тармағы);

20) инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындылар дайындау  (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  152-бабы, 4-тармағы);

21) бюджеттік комиссия мақұлдаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  154-1-бабы, 1-тармағы,154-3- бабы, 5-тармағы);

22) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, пайдалануға енгізілген бюджеттік инвестициялық жобаларды бағалау және Қарағанды облысының жоғары тұрған уәкілетті органдарына есеп беру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  157-бабы, 11-тармағы);

23) бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асу тиімділігін бағалау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  112-бабы, 4-тармағы); 

24) қала бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуын бақылау, оны ұлғайту бойынша  ұсыныстар мен іс-шаралар әзірлеу («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 22-бабы, 5-тармағы);

25) қалалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  82-бабы, 7-тармағы);

26) бюджеттік несиелерді беру, қызмет ету, оларды есепке алуын, мониторингілеуін және заңнама аясында қайтарылуын қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, 187-бабы, 191-бабы,                        1-тармағы, 198-бабы, 1-тармағы);

27) бюджеттік мониторингті жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы, 1,2-тармақтары);

28) қалалық бюджетті атқару жөнінде ұсыныстар беру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 82-бабы, 1-тармағы);

29) қалалық бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті және заңнамамен белгіленген басқа да есептілікті жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 122-бабы); 

30) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын қаржылық және бюджеттік есептілікті жинақтау және талдау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 120-бабы);

31) жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есебін жасау және ұсыну (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 118-бабы);

32) қалалық әкімдікке, облыстық тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті органға, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға бюджеттің атқарылуы туралы ай сайынғы есепті ұсыну (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 125-бабы);

33) есепті қаржы жылындағы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті органға, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсыну (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 131-бабы, 1-тармағы);

34) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті дайындау және ұсыну (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы,                      5-тармағы);

35) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептерді дайындау және ұсыну (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы, 4-тармағы);     

36) қалалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгерістер енгізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 85-бабы, 9-тармағы);

37) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары жүзеге асыратын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін қоспағанда, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қалалық бюджеттің түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 85-бабы,                             1-тармағы);

38) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері негізінде бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 85-бабы,                             9-4-тармағы);

39) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын келістіру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 102-бабы); 

40) қалалық бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есептелуін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 90-бабы, 1-тармағы);

41) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте  бюджеттік қаржыны басқару (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,101-бабы, 2-тармағы);

42) жоғары тұрған бюджеттен түсетін нысаналы трансферттердің түсімін есепке алуды, іске асыру мониторингін, сондай-ақ өткен қаржы жылында толық пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді жоғары тұрған бюджетке қайтаруды жүзеге асыру  (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 46-бабы, 15,16-тармақтары);

43) мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмалары негізінде бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 94-бабы, 1-тармағы);

44) қаржыландыру жоспарларының  жылдық сомаларын ай сайын бөлуін жинақтау, талдау және бағалау, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен қаржыландыру жоспарларына өзгертулер енгізуін негіздеу, қаржыландыру жоспарарының орындалмау себептерін анықтау және бюджеттік бағдарламалардың орындалуына есеп беру арқылы  қалалық бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  112-бабы);

45) бюджет атқарылу кезінде бюджеттік бағдарлама тиімділігін бағалау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  113-бабы);

46) бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асу тиімділігін одан әрі арттыру, жүзеге асудың мақсатқа сәйкестігін немесе бюджеттік бағдарламаның жүзеге асуына бюджеттік қаражаттың қысқаруы жөнінде ұсыныстар дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  110,113-бабтары);

47) жергілікті атқарушы органның қарызын төлеуді және қызмет етуді қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 211-бабы);

48) қалалық бюджет есебінен қаржыланатын атқарушы органдардың штат санын және функцияларын талдау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  56-бабы, 4-тармағы); 

49) бюджеттік жоспарлау үдерсіне әдістемелік жетекшілік ету (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  60-бабы, 3-тармағы);

50) Бөлім құзыретіне енетін сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу (Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы, 17-бабы, 3-тармағы).

 

  1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Мекеменің бірінші басшысы қала әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
  4. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тікелей Приозерск қаласының әкіміне бағынады;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамана ережелерін сақтау жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады және  оның  келешекте жүзеге асырылуына жеке басымен  жауап береді;
  • жеке дара басшылық ету қағидалары бойынша іс-қимыл жасайды және бөлімнің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыретінде және осы Ережеге сәйкес дербес шешеді;
  • бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді және барлық ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;
  • банкте есеп шоттарды ашады;
  • сенімхаттар береді;
  • бөлімнің іссапарлары, тәжірибелері, қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу  орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі  мен жоспарларын бекітеді;
  • бөлімнің бас мамандары және басқа қызметкерлерінің өкілеттерін белгілейді, бөлім қызметшілерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
  • өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес  бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және жұмыстан босатады;
  • заңнамамен бекітілген тәртіпте бөлім қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
  • бөлімнің актілеріне қол қояды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мекемеге бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеменің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Приозерск қаласының

экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                                Р. Ахмет

Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесі
Дата публикации
13 октября 2025