Приозерск қаласының 2025 жылдағы қаңтар-сәуір айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 13 587,4 млн.теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-сәуір – 6 203,6 млн. теңге). НКИ – 187 %.

Бұл көрсеткіштің өсу себептері «Ер-тай» ЖШС өнеркәсіптік ұйымының жұмысын жандандырумен байланысты.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 39,3 млн.теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-сәуір – 49,8 млн. теңге). НКИ – 98,7 %. 

Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 1 %-ға, сүт өндірісі 2,7 % - ға төмендеді.

Ірі қара мал басы 6,1 % - ға, қой мен ешкі басы 47 % - ға өсті.

Жылқы басы 0,4 % - ға, құс басы 3,2 % - ға төмендеді.

Төмендеу себебі – жеке шаруашылықтардың өз қажеттіліктері үшін етке союы.

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар – 857,3 млн.теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-сәуір – 3 943,3 млн. теңге). НКИ – 20,9 %.

Инвестиция көлемінің төмендеуі «Алматы-Астана» республикалық автожолының құрылысының аяқталуына байланысты.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 8577 бірлікті құрады немесе 2024 жылдың сәуіріне 108,3 % құрады (2024 ж. қаңтар-сәуір – 791 бірлік).

 

Құрылысы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,0 млн. теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-сәуір – 2 598,3  млн. тенге). НКИ – 0,7 %.

Төмендеу себебі Алматы-Астана республикалық тас жолы құрылысының аяқталуы.

743 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,3% құрады (2024 ж. қаңтар-апрель – 1 395 ш.м).

 

Қаржылық көрсеткіштер

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 556,5 млн.теңгені және жоспарға 162,3 % (342,8 млн. теңге) немесе 2024 жылдың сәуіріне 158 % құрады (352,3 млн. теңге).

 

Әлеуметтік сала

Жұмыссыздар саны 287 адамды немесе 99 % құрады (2024 ж. қаңтар-сәуір– 290 адам).

Жұмысқа орналастырылғандар саны 196 адамды құрады немесе 66,7 % құрады (2024 ж. қаңтар-сәуір – 294 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 83 адам қатысты немесе 101,2 % (2024 ж. қаңтар-сәуір – 82 адам).

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 88 адамды (18 отбасы) немесе 52,7% құрады (2024 ж. қаңтар-сәуір – 167 адам (37 отбасы).

 

Денсаулық сақтау

Туу коэффициенті 17,1 %-ға төмендеді (1000 халыққа 2025 ж. қаңтар-наурыз  – 13,54 жағдай, 2024 ж. қаңтар-наурыз – 16,34 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 26,6%-ға өсті (1000 халыққа 2025 ж. қаңтар-наурыз – 4,14 жағдай, 2024 ж. қаңтар-наурыз – 3,27 жағдай).

2025 жылғы қаңтар-сәуіріне нәресте өлімінің көрсеткіші – 31,7% (2024 ж. қаңтар-сәуір – 1000 тірі туғандарға 0 жағдай).

 

Білім

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 846 адамды құрады.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен 480 бала қамтылды.   

Мектептерде 1 962 оқушы оқиды немесе 2024 жылдың наурызына 102,1 %    (1 922 адам).

Мектептерде бір компьютерге 2 оқушыдан келеді (2024 ж. қаңтар-сәуір – 1,9).

                               

Қылмыс

Тіркелген қылмыстар саны - 12 жағдай немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 60 %-ды құрады (2024 ж. қаңтар-сәуір – 20 жағдай).

 

                                     

есеп
Дата публикации
27 мая 2025