Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 10 490,8 млн.теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 4 834,7 млн. теңге). НКИ – 195,7 %.
Бұл көрсеткіштің өсу себептері «Ер-тай» ЖШС өнеркәсіптік ұйымының жұмысын жандандырумен байланысты.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 39,3 млн.теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 37,1 млн. теңге). НКИ – 99 %.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 1,7 %-ға, сүт өндірісі 1,6 % - ға төмендеді.
Ірі қара мал басы 6,9 % - ға, қой мен ешкі басы 48,3 % - ға өсті.
Жылқы басы 0,4 % - ға, құс басы 3,4 % - ға төмендеді.
Төмендеу себебі – жеке шаруашылықтардың өз қажеттіліктері үшін етке союы.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар – 338,6 млн.теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 2 835,2 млн. теңге). НКИ – 11,4 %.
Инвестиция көлемінің төмендеуі «Алматы-Астана» республикалық автожолының құрылысының аяқталуына байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 866 бірлікті құрады немесе 2024 жылдың наурызына 107 % құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 809 бірлік).
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,0 млн. теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 994 млн. тенге). НКИ – 2 %.
Төмендеу себебі Алматы-Астана республикалық тас жолы құрылысының аяқталуы.
565 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76,1% құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 742 ш.м).
Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 363,2 млн.теңгені және жоспарға 136,6 % (265,8 млн. теңге) немесе 2024 жылдың наурызына 143,9 % құрады (252,4 млн. теңге).
Әлеуметтік сала
Жұмыссыздар саны 311 адамды немесе 123,4 % құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 252 адам).
Жұмысқа орналастырылғандар саны 165 адамды құрады немесе 74 % құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 223 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 79 адам қатысты немесе 100 % (2024 ж. қаңтар-наурыз – 79 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 71 адамды (15 отбасы) немесе 42,5% құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 167 адам (37 отбасы).
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 15,4%-ға төмендеді (1000 халыққа 2025 ж. қаңтар-наурыз – 18,96 жағдай, 2024 ж. қаңтар-наурыз – 22,4 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 46,8%-ға төмендеді (1000 халыққа 2025 ж. қаңтар-наурыз – 5,58 жағдай, 2024 ж. қаңтар-наурыз – 3,80 жағдай).
Білім
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 839 адамды құрады.
Балаларды мектепке дейінгі біліммен 476 бала қамтылды.
Мектептерде 1 963 оқушы оқиды немесе 2024 жылдың наурызына 102,1 % (1 922 адам).
Мектептерде бір компьютерге 2 оқушыдан келеді (2024 ж. қаңтар-наурыз – 1,9).
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны - 10 жағдай немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 58,8 %-ды құрады (2024 ж. қаңтар-наурыз – 17 жағдай).