Приозерск қаласының 2024 жылдағы қаңтар айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 4 177,6 млн.теңгені құрады (қаңтар 2024 ж. – 1 256,3 млн. теңге). НКИ – 329 %.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 8,6 млн.теңгені құрады (2024 ж. қаңтар – 8,4 млн. теңге). НКИ – 93,4 %. 

Ірі қара мал басы 6,9 % - ға, қой мен ешкі басы 46,1 % - ға өсті.

Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 12,5 % - ға, жылқы басы 0,9 % - ға, құс басы 2,3 % - ға төмендеді.

Төмендеу себебі – шаруашылықтардың өз қажеттіліктері үшін ет союы.

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 92,3 млн.теңге (қаңтар 2024 ж. – 1 055,2 млн. теңге). НКИ – 8,6 %.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 862 бірлікті құрады немесе 2024 жылдың қаңтарына 105,1 % құрады (820 бірлік).

 

Құрылысы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 10,0 млн. теңгені құрады (қаңтар 2024 ж. – 0  млн. тенге). НКИ – 0 %.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2025 жылдың қаңтар айында құрылыс жұмыстары жүргізілмеді.

Тұрғын үй пайдалануға берілмеді (қаңтар 2024 ж. – 0 ш.м).

Құрылыс жұмыстары жүргізілмегендіктен тұрғын үйлер пайдалануға берілмеді.

 

Қаржылық көрсеткіштер

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 96,8 млн.теңгені және жоспарға 147,1 % (65,8 млн. теңге) немесе 2024 жылдың қаңтарына 188,7 % құрады (51,3 млн. теңге).

 

Әлеуметтік сала

Жұмыссыздар саны 275 адамды немесе 116 % құрады (2024 ж. қаңтар – 237 адам).

Жұмысқа орналастырылғандар саны 86 адамды құрады немесе 128,4 % құрады (2024 ж. қаңтар – 67 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 52 адам қатысты (2024 ж. қаңтар – 39 адам).

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 43 адамды (10 отбасы) немесе 31,4 % құрады (2024 ж. қаңтар - 137 адам (29 отбасы).

 

Денсаулық сақтау

Туу коэффициенті 22,4%-ға төмендеді (1000 халыққа 2024 ж. қаңтар-желтоқсан  – 16,19 жағдай, 2023 ж. қаңтар-желтоқсан  – 20,87 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 15,9%-ға төмендеді (1000 халыққа 2024 ж. қаңтар-желтоқсан  – 4,52 жағдай, 2023 ж. қаңтар-желтоқсан – 5,38 жағдай).

 

Білім

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 801 адамды құрады.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен 489 бала қамтылды.   

Мектептерде 2 134 оқушы оқиды немесе 2024 жылдың қаңтарына 111 % ( 1 922 адам).

Мектептерде бір компьютерге 2 оқушыдан келеді (2024 ж. қаңтар – 1,9).

                               

Қылмыс

Тіркелген қылмыстар саны - 2 жағдай немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 50 %-ды  құрады (4 жағдай).

 

                                     

есеп
Дата публикации
02 апреля 2025