Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 32 423,0 млн.теңгені құрады (2023 ж.– 2 608,0 млн. теңге). НКИ – 503,1 %.
Бұл көрсеткіштің өсу себептері «Ер-тай» ЖШС өнеркәсіптік ұйымының жұмысын жандандырумен байланысты.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 307,2 млн.теңгені құрады (2023 ж.– 291,9 млн. теңге). НКИ – 102,1 %.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 2,2 %-ға артты, сүт өндірісі 2,6 % - ға, жұмыртқа өндірісі 2,5 %-ға өсті.
Ірі қара мал басы 7 % - ға, ешкі және қой басы 45,3 % - ға өсті.
Жылқы басы 1,3 % - ға, құс басы 2,3% - ға төмендеді.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 21 439,8 млн.теңгені (2023 ж.– 5 425,2 млн. теңге) құрады. НКИ – 380,4 %.
Инвестицияның өсуі – Астана-Алматы республикалық автокөлік жолының құрылысы есебінен.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 853 бірлікті құрады немесе 2023 жылға 103,9 % құрады (2023 ж.– 821 бірлік).
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 23 396,5 млн. теңгені құрады (2023 ж. – 5 475,3 млн. тенге). НКИ – 414,5 %.
3 917 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылға 427,3 % құрады (2023 ж. – 3 530 ш. м).
Қаржылық көрсеткіштер (үш код бойынша)
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 985,6 млн.теңгені және жоспарға 113,3 % (869,8 млн. тенге) немесе 2023 жылға 128,6 % (766,2 млн. теңге) құрады.
Әлеуметтік сала
Жұмыссыздар саны 164 адамды немесе 76,6 % -ды құрады (2023 ж. – 214 адам).
Жұмысқа орналастырылғандар саны 704 адам немесе 97,9 % құрады (2023 ж.– 719 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 106 адам қатысты (2023 ж.– 191 адам).
Оқуға және кәсіптік оқуға 13 адам жіберілді (2023 ж.– 13 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 221 адамды (50 отбасы) немесе 56,1 % құрады (2023 ж.– 394 адам (82 отбасы).
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 22,8 %-ға төмендеді (1000 халыққа 2023 ж.– 21,1 жағдай, 2024 ж.– 16,28 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 12,5 %-ға төмендеді (1000 халыққа 2023 ж. – 17,05 жағдай, 2024 ж.– 7,41 жағдай).Нәресте өлімі тіркелген жоқ.
Білім
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 801 баланы құрады.
Мектепке дейінгі біліммен 489 бала қамтылды.
Мектептерде 1 979 оқушы оқиды немесе 2023 жылға 103 % құрады (1 922 оқу.).
Мектептерде 1 компьютерге 1,9 оқушыдан келеді құрады (2023 ж.– 1,9).
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны – 46 жағдайды құрады, бұл 2023 жылға 80,7 % (2023 ж. - 56 жағдай).