Приозерск қаласының 2024 жылдағы қаңтар-қараша айының
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 28 847,5 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-қараша – 1 734,1 млн. теңге). НКИ – 568,6 %.
Бұл көрсеткіштің өсу себептері «Ер-тай» ЖШС өнеркәсіптік ұйымының жұмысын жандандырумен байланысты.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 298,6 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-қараша – 423,0 млн. теңге). НКИ – 100,3 %.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 2,3 %-ға артты, сүт өндірісі 2,5 % - ға, жұмыртқа өндірісі 2,4 %-ға өсті.
Ірі қара мал басы 26,5 % - ға, ешкі және қой басы 62,7 % - ға өсті.
Жылқы басы 1,4 % - ға, құс басы 11 % - ға төмендеді.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 20 655,1 млн.теңгені (2023 ж. қаңтар-қараша – 5 227,0 млн. теңге) құрады. НКИ – 371,1 %.
Инвестицияның өсуі – Астана-Алматы республикалық автокөлік жолының құрылысы есебінен.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 857 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 103,1 % құрады (2023 ж. қаңтар-қараша – 831 бірлік).
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 21 546,0 млн. теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-қараша – 5 139,8 млн. тенге). НКИ – 406 %.
2 642 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 74,8 % құрады (2023 ж. қаңтар- қараша – 3 530 ш. м).
Қаржылық көрсеткіштер (үш код бойынша)
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 887,5 млн.теңгені және жоспарға 112,8 % (786,5 млн. тенге) немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 133,1 % (666,7 млн. теңге) құрады.
Әлеуметтік сала
Жұмыссыздар саны 241 адамды немесе 112,6 % -ды құрады (2023 ж. қаңтар- қараша – 214 адам).
Жұмысқа орналастырылғандар саны 685 адам немесе 104,6 % құрады (2023 ж. қаңтар- қараша – 655 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 105 адам қатысты (2023 ж. қаңтар- қараша – 189 адам).
Оқуға және кәсіптік оқуға 13 адам жіберілді (2023 ж. қаңтар-қараша – 13 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 218 адамды (49 отбасы) немесе 60,6 % құрады (2023 ж. қаңтар- қараша – 360 адам (76 отбасы).
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 22,3 %-ға төмендеді (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар-қазан – 20,96 жағдай, 2024 ж. қаңтар- қазан – 16,28 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 21,8 %-ға төмендеді (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар-қазан – 5,55 жағдай, 2024 ж. қаңтар-қазан – 4,34 жағдай).Нәресте өлімі тіркелген жоқ.
Білім
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 801 баланы құрады.
Мектепке дейінгі біліммен 489 бала қамтылды.
Мектептерде 1 979 оқушы оқиды немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 102,7 % құрады (1 927 оқу.).
Мектептерде 1 компьютерге 1,9 оқушыдан келеді құрады (2023 ж. қаңтар- қараша – 1,9).
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны – 41 жағдайды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 91,1 % (45 жағдай).