Приозерск қаласының 2024 жылдағы қаңтар-қазан айының
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 24 917,0 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-қазан – 1 524,5 млн. теңге). НКИ – 606 %.
Бұл көрсеткіштің өсу себептері «Ер-тай» ЖШС өнеркәсіптік ұйымының жұмысын жандандырумен байланысты.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 256,7 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-қаан – 385,2 млн. теңге). НКИ – 101,6 %.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 2,4 %-ға артты, сүт өндірісі 2,5 % - ға, жұмыртқа өндірісі 2,4 %-ға өсті.
Ірі қара мал басы 26,2 % - ға, ешкі және қой басы 31,7 % - ға өсті.
Жылқы басы 1,4 % - ға, құс басы 11,5 % - ға төмендеді.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 19 395,5 млн.теңгені (2023 ж. қаңтар-қазан – 4 684,4 млн. теңге) құрады. НКИ – 389,2 %.
Инвестицияның өсуі – Астана-Алматы республикалық автомобиль жолының құрылысы есебінен.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 855 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 101,5 % құрады (2023 ж. қаңтар-қазан – 842 бірлік).
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 20 438,1 млн. теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-қазан – 5 139,8 млн. тенге). НКИ – 384,5%.
2 511 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 206,8 % құрады (2023 ж. қаңтар- қазан – 1 214 ш. м).
Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 801,6 млн.теңгені және жоспарға 109,6 % (731,4 млн. тенге) немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 133,2 % (601,7 млн. теңге) құрады.
Әлеуметтік сала
Жұмыссыздар саны 255 адамды немесе 96,6 % -ды құрады (2023 ж. қаңтар- қазан – 264 адам).
Жұмысқа орналастырылғандар саны 625 адам немесе 106,7 % құрады (2023 ж. қаңтар- қазан – 586 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 100 адам қатысты (2023 ж. қаңтар- қазан – 188 адам).
Оқуға және кәсіптік оқуға 13 адам жіберілді (2023 ж. қаңтар-қазан – 13 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 218 адамды немесе 64,5 % құрады (2023 ж. қаңтар- қазан – 338 адам (72 отбасы).
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 3,3 %-ға өсті (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар-қазан – 20,36 жағдай, 2024 ж. қаңтар- қазан – 21,03 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 8,3 %-ға өсті (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар-қазан – 5,72 жағдай, 2024 ж. қаңтар-қазан – 5,28 жағдай).Нәресте өлімі тіркелген жоқ.
Білім
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 710 баланы құрады.
Мектепке дейінгі біліммен 401 бала қамтылды.
Мектептерде 1 979 оқушы оқиды немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 103 % құрады (1 921 оқу.).
Мектептерде 1 компьютерге 1,9 оқушыдан келеді құрады (2023 ж. қаңтар- қазан – 1,9).
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны – 37 жағдайды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 82,2 % (45 жағдай).