Приозерск қаласының 2024 жылдағы қаңтар-қыркүйек айының
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 20 690,6 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-қыркүйек – 1 371,8 млн. теңге). НКИ – 608,9 %.
Бұл көрсеткіштің өсу себептері «Ер-тай» ЖШС өнеркәсіптік ұйымының жұмысын жандандырумен байланысты.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 224,7 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-қыркүйек – 332,5 млн. теңге). НКИ – 101,6 %.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 2,5 %-ға артты, сүт өндірісі 2,4% - ға, жұмыртқа өндірісі 2,3 %-ға өсті.
Ірі қара мал басы 25,6 % - ға, ешкі және қой басы 59,1% - ға өсті.
Жылқы басы 1,4 % - ға, құс басы 11,6 % - ға төмендеді.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 15 251,1 млн.теңгені (2023 ж. қаңтар-қыркүйек – 4 623,3 млн. теңге) құрады. НКИ – 309,9 %.
Инвестицияның өсуі - республикалық автомобиль жолының құрылысы есебінен.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 854 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 99,1 % құрады (2023 ж. қаңтар-қыркүйек – 862 бірлік).
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 13 890,7 млн. теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-қыркүйек – 3 639,4 млн. тенге). НКИ – 367,8%.
2 511 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 206,8 % құрады (2023 ж. қаңтар- қыркүйек – 1 214 ш. м).
Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 768,5 млн.теңгені және жоспарға 112,8 % (681,5 млн. тенге) немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 139,2 % (552,1 млн. теңге) құрады.
Әлеуметтік сала
Жұмыссыздар саны 276 адамды немесе 102,2% -ды құрады (2023 ж. қаңтар- қыркүйек – 270 адам).
Жұмысқа орналастырылғандар саны 568 адам немесе 101,4 % құрады (2023 ж. қаңтар- қыркүйек – 560 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 100 адам қатысты (2023 ж. қаңтар- қыркүйек – 179 адам).
Оқуға және кәсіптік оқуға 13 адам жіберілді (2023 ж. қаңтар- қыркүйек – 13 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 218 адамды немесе 69,7 % құрады (2023 ж. қаңтар- қыркүйек – 310 адам (66 отбасы).
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 2,1%-ға төмендеді (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар- қыркүйек – 21,1 жағдай, 2024 ж. қаңтар- қыркүйек – 20,65 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 4,5 %-ға төмендеді (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар- қыркүйек – 5,51 жағдай, 2024 ж. қаңтар- қыркүйек – 5,76 жағдай).Нәресте өлімі тіркелген жоқ.
Білім
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 711 баланы құрады.
Мектепке дейінгі біліммен 407 бала қамтылды.
Мектептерде 1 979 оқушы оқиды немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 103,7 % құрады (1 908 оқу.).
Мектептерде 1 компьютерге 1,9 оқушыдан келеді құрады (2023 ж. қаңтар- қыркүйек – 1,9).
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны – 35 жағдайды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 85,4 % (41 жағдай).