Приозерск қаласының 2024 жылдағы қаңтар-мамыр айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

Приозерск қаласының 2024 жылдағы қаңтар-мамыр айының   

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

 

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 8 577,6 млн.теңгені құрады (қаңтар-мамыр 2023 ж. – 710,2 млн. теңге). НКИ – 460,5 %.

Бұл көрсеткіштің өсу себептері «Ер-тай» ЖШС өнеркәсіптік ұйымының жұмысын жандандырумен байланысты.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 102,5 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-мамыр – 96,5 млн. теңге). НКИ – 99,2 %. 

Сүт өндірісі 1,3 % - ға, жұмыртқа өндірісі 2 % - ға артты.

Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 5,4 % төмендеді.

Жылқы басы 25,1 % - ға, құс басы 21,2 % - ға өсті.

Ірі қара мал басы 18,3 % - ға, қой мен ешкі басы 24,4 % - ға, төмендеді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің төмендеуінің себебі қосалқы шаруашылықтардағы мал басының азаюымен байланысты (азық-түлікпен қамтамасыз етілмеуі, жайылым тапшылығына байланысты мал ұстау халыққа тиімсіз, сою және қайта өңдеу, тіркеу).

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3 949,6 млн.теңге (қаңтар-мамыр 2023 ж. – 1 707,1 млн. теңге). НКИ – 221,4 %.

Инвестицияның өсуі - республикалық автомобиль жолының құрылысы есебінен.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 805 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың мамырына 96,2 % құрады (қаңтар-мамыр 2023 ж. – 837 бірлік).

 

Құрылысы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 294,5 млн. теңгені құрады (қаңтар-мамыр 2023 ж. – 310,0  млн. тенге). НКИ – 1 218,8 %.

1 395 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (қаңтар-мамыр 2023 ж. – 1 141 ш.м).

 

Қаржылық көрсеткіштер

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 414,9 млн.теңгені және жоспарға 117,6 % (352,7 млн. теңге) немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 151,7 % құрады (273,5  млн. теңге).

 

Әлеуметтік сала

Жұмыссыздар саны 300 адамды немесе 112,3% құрады (2023 жылдың қаңтар-мамыр – 268 адам).

Жұмысқа орналастырылғандар саны 353 адамды құрады немесе 122,1 % құрады (қаңтар-мамыр 2023 г. - 289 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 85 адам қатысты (қаңтар-мамыр 2023 г. – 139 адам).

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 167 адамды (37 отбасы) немесе 96,5 % құрады (қаңтар-мамыр 2023 г. - 173 адам (36 отбасы).

 

Денсаулық сақтау

Туу коэффициенті 0,7%-ға өсті (1000 халыққа 2024 ж. қаңтар-мамыр – 20,27 жағдай, 2022 ж. қаңтар-мамыр – 20,12 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 18,8%- ға төмендеді (1000 халыққа 2024 ж. қаңтар- мамыр – 4,74 жағдай, 2023 ж. қаңтар-мамыр – 5,84 жағдай).

Нәресте өлімі тіркелмеген.

 

Білім

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 535 адамды құрады.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен 373 бала қамтылды.   

Мектептерде 1 922 оқушы оқиды немесе 2023 жылдың мамырына 100,1 % (1 920 адам).

Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді (2023 ж. қаңтар-мамыр – 1,9).

                               

Қылмыс

Тіркелген қылмыстар саны - 24 жағдай немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 120 %-ды құрады (20 жағдай).

 

 

Приозерск қаласының 2024 жылдағы қаңтар-мамыр айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Дата публикации
20 июня 2024