Приозерск қаласының 2024 жылдағы қаңтар-сәуір айының
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 6 028,0 млн.теңгені құрады (қаңтар-сәуір 2023 ж. – 582,2 млн. теңге). НКИ – 422,1 %.
Бұл көрсеткіштің өсу себептері «Ер-тай» ЖШС өнеркәсіптік ұйымының жұмысын жандандырумен байланысты.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 78,6 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-сәуір – 73,3 млн. теңге). НКИ – 99,1 %.
Сүт өндірісі 1% - ға, жұмыртқа өндірісі 1,7 % - ға артты.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 5,4 % төмендеді.
Жылқы басы 24,8 % - ға, құс басы 21,9 % - ға өсті. Ірі қара мал басы 18,2 % - ға, қой мен ешкі басы 24,7 % - ға төмендеді.
Төмендеу себебі – шаруашылықтардың өз қажеттіліктері үшін ет союы.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3 943,6 млн.теңге (қаңтар-сәуір 2023 ж. – 795 млн. теңге). НКИ – 471,0 %.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 791 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың сәуіріне 93,7 % құрады (844 бірлік).
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 598,3 млн. теңгені құрады (қаңтар-сәуір 2023 ж. – 689 млн. тенге). НКИ – 1 154,0 %.
1 395 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (қаңтар-сәуір 2023 ж. – 707 ш.м).
Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 352,3 млн.теңгені және жоспарға 133,3 % (264,4 млн. теңге) немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 169,4 % құрады (208,0 млн. теңге).
Әлеуметтік сала
Жұмыссыздар саны 290 адамды немесе 96,7% құрады (2023 жылдың қаңтар-сәуір - 300 адам).
Жұмысқа орналастырылғандар саны 294 адамды құрады немесе 125,1 % құрады (қаңтар-сәуір 2023 г. - 235 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 82 адам қатысты (қаңтар-сәуір 2023 г. – 124 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 167 адамды (37 отбасы) немесе 96,5 % құрады (қаңтар-сәуір 2023 г. - 173 адам (36 отбасы).
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 5,6%-ға төмендеді (1000 халыққа 2024 ж. қаңтар-наурыз – 20,89 жағдай, 2023 ж. қаңтар-наурыз – 22,14 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 25,6%-ға төмендеді (1000 халыққа 2024 ж. қаңтар-наурыз – 4,32 жағдай, 2023 ж. қаңтар-наурыз – 5,81 жағдай).
Нәресте өлімі тіркелмеген.
Білім
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 618 адамды құрады.
Балаларды мектепке дейінгі біліммен 461 бала қамтылды.
Мектептерде 1 922 оқушы оқиды немесе 2023 жылдың сәуіріне 100,1 % (1 920 адам).
Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді (2023 ж. қаңтар-сәуір – 1,9).
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны - 20 жағдай немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 117,6 %-ды құрады (17 жағдай).