Показатели социально-экономического развития города Приозерск за январь-март 2024 года

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 4 843,9 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-наурыз – 446,6 млн. теңге). НКИ – 465,6 %.

Бұл көрсеткіштің өсу себептері «Ер-тай» ЖШС өнеркәсіптік ұйымының жұмысын жандандырумен байланысты.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 56,4 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-наурыз – 52,8 млн. теңге). НКИ – 98,6 %. 

Сүт өндірісі 0,4 % - ға, жұмыртқа өндірісі 1,4 % - ға артты.

Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 5 % төмендеді.

Жылқы басы 24,5 % - ға, құс басы 19,6 % - ға өсті.

Ірі қара мал басы 19,4 % - ға, қой мен ешкі басы 26,2 % - ға төмендеді.

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар – 2 835,2 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-наурыз – 681,0 млн. теңге). НКИ – 396,5 %.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 809 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың наурызына 96,3 % құрады (2023 ж. қаңтар-наурыз – 840 бірлік).

 

Құрылысы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 809 млн. теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-наурыз – 160,0  млн. тенге). НКИ – 578,8 %.

742 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (2023 ж. қаңтар-наурыз – 707 ш.м).

 

Қаржылық көрсеткіштер

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 252,4 млн.теңгені және жоспарға 123,3 % (204,7 млн. теңге) немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 159,5 % құрады (158,2 млн. теңге).

 

Әлеуметтік сала

Жұмыссыздар саны 252 адамды немесе 88,4 % құрады (2023 ж. қаңтар-наурыз – 285 адам).

Жұмысқа орналастырылғандар саны 223 адамды құрады немесе 109,3 % құрады (2023 ж. қаңтар-наурыз –  204 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 79 адам қатысты (2023 ж. қаңтар-наурыз – 116 адам).

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 167 адамды (37 отбасы) немесе 87,4% құрады (2023 ж. қаңтар-наурыз – 191 адам (48 отбасы).

 

Денсаулық сақтау

Туу коэффициенті 30,2%-ға төмендеді (1000 халыққа 2024 ж. қаңтар-ақпан  – 16,97 жағдай, 2023 ж. қаңтар-ақпан  – 24,32 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 57,9%-ға төмендеді (1000 халыққа 2024 ж. қаңтар-ақпан – 3,26 жағдай, 2023 ж. қаңтар-ақпан – 7,74 жағдай).

Нәресте өлімі тіркелген жоқ.

 

Білім

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 618 адамды құрады.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен 461 бала қамтылды.   

Мектептерде 1 922 оқушы оқиды немесе 2023 жылдың наурызына 100,5 %    (1 912 адам).

Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді.

                               

Қылмыс

Тіркелген қылмыстар саны - 14 жағдай немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 140 %-ды құрады (10 жағдай).

 

                                     

отчет
Дата публикации
30 апреля 2024