Приозерск қаласының 2024 жылдағы қаңтар-ақпан айының
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 3 045,3 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-ақпан– 306,7 млн. теңге). НКИ – 438,2 %.
Бұл көрсеткіштің өсу себептері «Ер-тай» ЖШС өнеркәсіптік ұйымының жұмысын жандандырумен байланысты.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 26,1 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-ақпан 22,6 млн. теңге). НКИ – 99,0 %.
Сүт өндірісі 0,5 % - ға, жұмыртқа өндірісі 2 % - ға артты.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 3,4 % төмендеді.
Жылқы басы 23,9 % - ға, құс басы 20 % - ға өсті.
Ірі қара мал басы 19,8 % - ға, қой мен ешкі басы 24,3 % - ға, төмендеді.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 143,3 млн.теңге немесе 2023 жылдың ақпанына 91,2 % құрады (518,9 млн. теңге). НКИ – 216,2 %.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 818 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың ақпанына 91,2 % құрады (897 бірлік).
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 631,6 млн. теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-ақпан – 0 млн. тенге). НКИ – 0 %.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2024 жылдың қаңтар-ақпан айында құрылыс жұмыстары жүргізілмеді.
Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 176,2 млн.теңгені және жоспарға 122,7 % (143,6 млн. теңге) немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 193,6 % құрады (91 млн. теңге).
Әлеуметтік сала
Жұмыссыздар саны 231 адамды немесе 144,4 % құрады (2023 ж. қаңтар-ақпан - 160 адам).
Жұмысқа орналастырылғандар саны 94 адамды құрады немесе 60,1 % құрады (2023 ж. қаңтар-ақпан - 155 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 68 адам қатысты (2023 ж. қаңтар-ақпан – 103 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 161 адамды (35 отбасы) немесе 83 % құрады (2023 ж. қаңтар-ақпан - 194 адам (42 отбасы).
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 8,7%-ға өсті (1000 халыққа 2024 ж. қаңтар – 20,89 жағдай, 2023 ж. қаңтар – 19,21 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 14,3%-ға төмендеді (1000 халыққа 2024 ж. қаңтар – 5,38 жағдай, 2023 ж. қаңтар – 6,28 жағдай).
Нәресте өлімі тіркелген жоқ.
Білім
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 847 адамды құрады.
Балаларды мектепке дейінгі біліммен 622 бала қамтылды.
Мектептерде 1 922 оқушы оқиды немесе 2023 жылдың ақпанына 99,7 % (1 927 адам).
Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді.
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны - 17 жағдай немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 170 %-ды құрады (10 жағдай).