Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1 250,0 млн.теңгені құрады (қаңтар 2023 ж. – 158,0 млн. теңге). НКИ – 146,6 %.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 11,4 млн.теңгені құрады (2023 ж. қаңтар – 9,6 млн. теңге). НКИ – 98,9 %.
Сүт өндірісі 0,5 % - ға артты.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 4,8 % - ға төмендеді.
Жылқы басы 23,9 % - ға, құс басы 17,6 % - ға өсті.
Ірі қара мал басы 19,4 % - ға, қой мен ешкі басы 23,1 % - ға төмендеді.
Төмендеу себебі – шаруашылықтардың өз қажеттіліктері үшін ет союы.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 055,2 млн.теңге (қаңтар 2023 ж. – 0 млн. теңге). НКИ – 0 %.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 820 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың қаңтарына 99,6 % құрады (823 бірлік).
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 0 млн. теңгені құрады (қаңтар 2023 ж. – 0 млн. тенге). НКИ – 0 %.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2024 жылдың қаңтар айында құрылыс жұмыстары жүргізілмеді.
Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 51,3 млн.теңгені және жоспарға 93,6 % (54,8 млн. теңге) немесе 2023 жылдың қаңтарына 139 % құрады (36,9 млн. теңге).
Әлеуметтік сала
Жұмыссыздар саны 237 адамды немесе 209,7 % құрады (2023 ж. қаңтар - 113 адам).
Жұмысқа орналастырылғандар саны 48 адамды құрады немесе 47,5 % құрады (2023 ж. қаңтар – 101 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 39 адам қатысты (2023 ж. қаңтар – 84 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 137 адамды (29 отбасы) немесе 77 % құрады (2023 ж. қаңтар - 178 адам (38 отбасы).
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 8,7%-ға өсті (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар-желтоқсан – 20,89 жағдай, 2022 ж. қаңтар-желтоқсан – 19,21 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 14,3%-ға төмендеді (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар-желтоқсан – 5,38 жағдай, 2022 ж. қаңтар-желтоқсан – 6,28 жағдай).
Нәресте өлімі тіркелген жоқ.
Білім
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 847 адамды құрады.
Балаларды мектепке дейінгі біліммен 622 бала қамтылды.
Мектептерде 1 922 оқушы оқиды немесе 2023 жылдың қаңтарына 101 % ( 1 927 адам).
Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді.
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны - 20 жағдай немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 285,7 %-ды құрады (7 жағдай).