Отчет

Приозерск қаласының 2023 жылдағы қаңтар-наурыз айының   

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

 

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 446,6 млн.теңгені құрады (қаңтар-наурыз 2022 ж. – 957,4 млн. теңге). НКИ – 49,3 %.

Төмендеу себебі – рудадағы қорғасын мөлшерінің азаюы.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52,8 млн.теңгені құрады (2022 ж. қаңтар-наурыз – 53,3 млн. теңге). НКИ – 87,9 %. 

Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 1,0 % артты.

Сүт өндірісі 17,7 % - ға, жұмыртқа өндірісі 5,4 % - ға төмендеді.

Жылқы басы 9,3 % - ға өсті. Ірі қара мал басы 12,2 % - ға, қой мен ешкі басы 4,9 % - ға, құс басы 10 % - ға төмендеді.

Төмендеу себебі – шаруашылықтардың өз қажеттіліктері үшін ет союы.

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 618 млн.теңге (қаңтар-наурыз 2022 ж. – 348,2 млн. теңге). НКИ – 190,5 %.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 840 бірлікті құрады немесе 2022 жылдың наурызына 119,7 % құрады (қаңтар-наурыз 2022 ж. – 702 бірлік).

 

Құрылысы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 160,0 млн. теңгені құрады (қаңтар-наурыз 2022 ж. – 43,2  млн. тенге). НКИ – 360,8 %.

707 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (қаңтар-наурыз 2022 ж. – 3 931 ш.м).

 

Қаржылық көрсеткіштер

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 158,2 млн.теңгені және жоспарға 113,3 % (139,6 млн. теңге) немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 113,7 % құрады (139,1 млн. теңге).

 

Әлеуметтік сала

Жұмыссыздар саны 298 адамды немесе 130,1% құрады (2022 жылдың қаңтар-наурыз - 229 адам).

Жұмысқа орналастырылғандар саны 204 адамды құрады немесе 114,0 % құрады (қаңтар-наурыз 2022 г. - 179 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 116 адам қатысты (қаңтар-наурыз 2022 г. – 99 адам).

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 221 адамды (48 отбасы) немесе 81,9 % құрады (қаңтар-наурыз 2022 г. - 270 адам (57 отбасы).

 

Денсаулық сақтау

Туу коэффициенті 49,1%-ға өсті (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар-ақпан – 24,32 жағдай, 2022 ж. қаңтар-ақпан – 16,31 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 10,7%-ға төмендеді (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар-ақпан – 7,74 жағдай, 2022 ж. қаңтар-ақпан – 6,99 жағдай).Бала өлімінің коэффициенті 1000 халыққа – 45,45 жағдай.

 

Білім

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 672 адамды құрады.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен 468 бала қамтылды.   

Мектептерде 1 912 оқушы оқиды немесе 2022 жылдың наурызына 100,3 % (1 907 адам).

Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді.

                               

Қылмыс

Тіркелген қылмыстар саны - 10 жағдай немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 52,6 %-ды құрады (19 жағдай).

 

                                     

СЭР
Дата публикации
20 апреля 2023