Приозерск қаласының 2023 жылдағы қаңтар-ақпан айының
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 306,7 млн.теңгені құрады (қаңтар-ақпан 2022 ж. – 452,8 млн. теңге). НКИ – 41,2 %.
Төмендеу себебі – рудадағы қорғасын мөлшерінің азаюы.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 22,6 млн.теңгені құрады (2022 ж. қаңтар-ақпан 24,4 млн. теңге). НКИ – 86,7 %.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 3,5 % артты.
Сүт өндірісі 17,2 % - ға, жұмыртқа өндірісі 5,6 % - ға төмендеді.
Жылқы басы 11,5 % - ға өсті. Ірі қара мал басы 11 % - ға, қой мен ешкі басы 4,8 % - ға, құс басы 9,9 % - ға төмендеді.
Төмендеу себебі – шаруашылықтардың өз қажеттіліктері үшін ет союы.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 518,9 млн.теңге (қаңтар-ақпан 2022 ж. – 73,2 млн. теңге). НКИ – 691,3 %.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 897 бірлікті құрады немесе 2022 жылдың ақпанына 129,4 % құрады (қаңтар-ақпан 2022 ж. – 693 бірлік).
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 0 млн. теңгені құрады (қаңтар-ақпан 2022 ж. – 1,9 млн. тенге). НКИ – 0 %.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылдың қаңтар-ақпан айында құрылыс жұмыстары жүргізілмеді.
Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 91 млн.теңгені және жоспарға 92,8 % (98,1 млн. теңге) немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 110,3 % құрады (82,5 млн. теңге).
Әлеуметтік сала
Жұмыссыздар саны 160 адамды немесе 71,7 % құрады (қаңтар-ақпан 2022 ж. - 223 адам).
Жұмысқа орналастырылғандар саны 155 адамды құрады немесе 113,1 % құрады (қаңтар-ақпан 2022 г. - 137 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 103 адам қатысты (қаңтар-ақпан 2022 г. – 83 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 194 адамды (42 отбасы) немесе 74,9 % құрады (қаңтар-ақпан 2022 г. - 259 адам (54 отбасы).
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 3,6%-ға өсті (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар – 19,21 жағдай, 2022 ж. қаңтар – 18,55 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 2,8%-ға төмендеді (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар- – 6,28 жағдай, 2022 ж. қаңтар – 6,46 жағдай).Бала өлімінің коэффициенті тіркелмеген.
Білім
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 672 адамды құрады.
Балаларды мектепке дейінгі біліммен 472 бала қамтылды.
Мектептерде 1 914 оқушы оқиды немесе 2022 жылдың ақпанына 100,4 % ( 1 907 адам).
Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді.
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны - 10 жағдай немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 76,9 % - құрады (13 жағдай).