Отчет

Приозерск  қаласының 2023 жылдағы қаңтар айының   

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы

 

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 158 млн.теңгені құрады (қаңтар 2022 ж. – 452,8 млн. теңге). НКИ – 40,1 %.

Төмендеу себебі – рудадағы қорғасын мөлшерінің азаюы.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 9,6 млн.теңгені құрады (2022 ж. қаңтар  9 млн. теңге). НКИ – 86,3 %. 

Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 5 % артты.

Сүт өндірісі 17,6 % - ға, жұмыртқа өндірісі 4,9 % - ға төмендеді.

Жылқы басы 11,5 % - ға өсті. Ірі қара мал басы 10,6 % - ға, қой мен ешкі басы 4,7 % - ға, құс басы 5,2 % - ға төмендеді.

Төмендеу себебі – шаруашылықтардың өз қажеттіліктері үшін ет союы.

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0 млн.теңге (қаңтар 2022 ж. – 0 млн. теңге). НКИ – 0 %.

Негізгі капиталға инвестиция көлемінің азаю себебі, 2022 жылы «ҚазАвтоЖол» компаниясының тас жол құрылысы бойынша жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 823 бірлікті құрады немесе 2022 жылдың қаңтарына 114,6 % құрады (қаңтар 2022 ж. – 718 бірлік).

 

Құрылысы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 0 млн. теңгені құрады (қаңтар 2022 ж. – 0,7  млн. тенге). НКИ – 0 %.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылдың қаңтар айында құрылыс жұмыстары жүргізілмеді.

 

Қаржылық көрсеткіштер

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 36,9 млн.теңгені және жоспарға 92,5 % (39,9 млн. теңге) немесе 2022 жылдың қаңтарына 125,5 % құрады (29,4 млн. теңге).

 

Әлеуметтік сала

Жұмыссыздар саны 113 адамды немесе 73,9 % құрады (қаңтар 2022 ж. - 153 адам).

Жұмысқа орналастырылғандар саны 101 адамды құрады немесе 94,4 % құрады (қаңтар 2022 г. - 107 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 84 адам қатысты (қаңтар 2022 г. – 74 адам).

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 178 адамды (38 отбасы) немесе 76,1 % құрады (қаңтар 2022 г. - 238 адам (48 отбасы).

Денсаулық сақтау

Туу коэффициенті 3,6%-ға өсті (1000 халыққа 2022 ж. қаңтар-желтоқсан  – 19,21 жағдай, 2021 ж. қаңтар-желтоқсан  – 18,55 жағдай).Өлім-жітім коэффициенті 2,8%-ға төмендеді (1000 халыққа 2022 ж. қаңтар-желтоқсан  – 6,28 жағдай, 2021 ж. қаңтар-желтоқсан – 6,46 жағдай).Бала өлімінің коэффициенті өсті (1000 халыққа 2023 ж. қаңтар – 9,35 жағдай, 2022 ж. қаңтар – 0  жағдай).

 

Білім

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 672 адамды құрады.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен 497 бала қамтылды.   

Мектептерде 1 927 оқушы оқиды немесе  2022 жылдың қаңтарына 101 % ( 1 907 адам).

Мектептерде бір компьютерге 1,9 оқушыдан келеді.

                               

Қылмыс

Тіркелген қылмыстар саны - 7 жағдай немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 77,8 % - құрады (9 жағдай).

 

СЭР
Дата публикации
20 апреля 2023