Приозерск қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы №2/4 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер
жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет
қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
3-тараудың «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары» бөлімінде:
11-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
12-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
Қала әкімі М. Ахметов
Орын. А. Шамшатов
Айдарханов Алмас Рахимбаева
Ахметова Бұқпантаев Қасқатаев Шәрбекова