2021 жылы бөлім бойынша 87 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 87 қызмет, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы - көрсетілетін қызметті берушілер қағаз нысанда көрсеткен 0 қызмет және балама бойынша – 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Көтерме жәрдемақы 10 792,9 мың теңге сомасына 37 маманға төленді (білім беру – 6 709,1 мың теңге сомасына 23 маманға; денсаулық сақтау- 3 208,7 мың теңге сомасына 11 маманға; мәдениет - 291,7 мың теңге сомасына 1 маманға; агроөнеркәсіптік кешен- 291,7 мың теңге сомасына 1 маманға; мемлекеттік қызмет-291,7 мың теңге сомасына 1 маман).
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит 190 346 мың теңге сомасына 45 маманға төленді (білім беру – 128 542,5 мың теңге сомасына 30 маманға; денсаулық сақтау – 42 096 мың теңге сомасына 10 маманға; мәдениет – 6 728,5 мың теңге сомасына 2 маманға, спорт – 4 375,5 мың теңге сомасына 1 маманға агроөнеркәсіптік кешен – 8 603,5 мың теңге сомасына 2 маман).
Дәлелді бас тарту - 5 маман.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.