📌 Мемлекеттік қызметтерді өз бетіңізше алыңыз!
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Бұрыш «Baspana Market» (Otbasy.bank.kz) порталына қолжетімділігі бар компьютермен жабдықталған.
Мұнда азаматтар «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметке өз бетінше өтініш бере алады, сондай-ақ қызметті рәсімдеу мәселелері бойынша мамандардан кеңес ала алады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалану уақытыңызды үнемдеуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта қолайлы түрде алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне орай Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі қызметкерлері марапатталды.
Бөлім қызметкерлері адал еңбегі, кәсіби біліктілігі және мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтап, жұмыстарына табыс, зор денсаулық, отбасыларына амандық және ел игілігі жолындағы қызметтеріне толағай жетістіктер тілейміз!
Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін түсіндіру мақсатында аудан тұрғындары көп шоғырланатын Жастар алаңында «Қызмет алушылар күні» атты жәрмеңке ұйымдастырылды.
Іс-шараға Халыққа қызмет көрсету орталығы, Мансап орталығы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Экономика және қаржы бөлімі, Ауыл шаруашылығы бөлімі, Жер қатынастары бөлімі, Сәулет және қала құрылысы бөлімі, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Дене шынықтыру және спорт бөлімі, Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бақылау жөніндегі бас инспектор қатысты.
Жәрмеңке барысында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, өзекті мәселелер бойынша кеңестер берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар ұсынылды.
📍 Мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, бірлігі мен болашағының жарқын белгісі. Бұл қасиетті рәміздер әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін нығайтады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілейміз.
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі.
2026 жылдың 28 мамырда Нұра аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХV сессиясының отырысы өтті. Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 199 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 200 «2026-2028 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Құрметті қызмет алушылар,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі 2021жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында "Ашық диалог" алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.