2025 жылғы 1 желтоқсанға «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

 «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша 2025 жылдың 1 желтоқсанға ақпарат

          «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер  әкімдері аппараттарының  мемлекеттік  қызметшілеріне 2025 жылға республикалық бюджеттен 4 маманға 31, 4 млн. теңге сомасында бюджеттік несиелер және 25 маманға 9,8 млн. теңге сомасында көтермелі жәрдемақы бөлінген.

2025 жылғы 1 желтоқсанға 9,8 млн. теңге сомасына 25 көтерме жәрдемақы төленді (оның ішінде білім беру саласында – 19 маман, денсаулық сақтау – 5 маман, мәдениет – 0 маман,  спорт – 0 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 0 маман, мемлекеттік қызметші – 1 маман.).

2025 жылдың 4 тоқсанында 4 маманға 31,4 млн. теңге сомасына тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит төленді (оның ішінде білім беру саласында –  3 маман, денсаулық сақтау – 0, әлеуметтік қамсыздандыру – 0, мәдениет – 0,  спорт – 0, агроөнеркәсіптік кешен –0, мемлекеттік қызметші – 1).

 

 

Дата публикации
02 декабря 2025