2025 жылғы 1 қазаны жағдайына Көкшетау қаласының бюджетін орындау қорытындысы

2025 жылғы 1 қазандағы жағдайына қала бюджетіне кірістер 65 874,6 млн. теңгеге түсті, оның ішінде салықтар және төлемдер (ауылдық округтер есебімен) 51 653,5  млн.тенге немесе жоспарға 108,7%  (47 532,5 млн. теңге).

         Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі (ауылдық округтер есебімен) 100%-ға игерілді, 62 349,5 млн. теңге жоспар кезінде, орындалуы 62 323,8 млн. теңгені құрады, немесе игерілмегені 20,8 млн. теңге (оның ішінде: 19,5 млн. теңге – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кватиралар сатып алуға, жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың болмауына байланысты Мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмеген.

Қалалық бюджеттік бағдарламалардың 14 әкімшілері (ББӘ) 100% қаражатты игеруіне қол жеткізді: қалалық мәслихат аппараты; қала әкімінің аппараты, Красный яр с/о әкімінің аппараты; Станционный к. әкімінің аппараты,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі; ішкі саясат бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі; тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; экономика және қаржы бөлімі; құрылыс бөлімі;  жер қатынастары, сәулет жєне қала құрылысы бөлімі; мемлекеттік активтер жєне сатып алу; тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы.

2025 жылғы 1 қазаны жағдайына Көкшетау қаласының бюджетін орындау қорытындысы
Дата публикации
08 октября 2025