2025 жылғы 1 тамызы жағдайына Көкшетау қаласының бюджетін орындау қорытындысы

2025 жылғы 1 тамызы жағдайына қала бюджетіне кірістер 50 846,8 млн. теңгеге түсті, оның ішінде салықтар және төлемдер (ауылдық округтер есебімен) 40 957,6  млн.тенге немесе жоспарға 107,9%  (37 971,9 млн. теңге).

         Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі (ауылдық округтер есебімен) 96,6%-ға игерілді, 48 343,2 млн. теңге жоспар кезінде, орындалуы 46 697,1 млн. теңгені құрады, немесе игерілмегені 1 646,1 млн. теңге (оның ішінде: 1 613,1 млн. теңге – ТКШ объектілері (абаттандыру, жолдарды орташа және ағымдағы жөндеу, тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу), орындалған жұмыстардың актілері ұсынылмаған).

Қалалық бюджеттік бағдарламалардың 11 әкімшілері (ББӘ) 100% қаражатты игеруіне қол жеткізді: қалалық мәслихат аппараты; қала әкімінің аппараты, Красный яр с/о әкімінің аппараты; Станционный к. әкімінің аппараты,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі; экономика және қаржы бөлімі; құрылыс бөлімі;  жер қатынастары, сәулет жєне қала құрылысы бөлімі; мемлекеттік активтер жєне сатып алу; тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы.

  • 98,4% - ішкі саясат бөлімі,
  • 97,9% - мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі;
  • 85,8% - тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары;
2025 жылғы 1 тамызы жағдайына Көкшетау қаласының бюджетін орындау қорытындысы
Дата публикации
27 августа 2025