Көкшетау қаласының 2025 жылғы қаңтар-маусымдағы
әлеуметтік –экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама
Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2025 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 195 470,3 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 126,5%.
Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (80,8%) 2025 жылғы қаңтар- мамырда 158 000,9 млн.теңге сомасына өнім өндірілді.
Ауыл шаруашылығы. 2025 жылдың қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 583,5 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 116,7% құрады.
Кәсіпкерлікті дамыту. 2025 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 21,7 мың бірлікті құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 6,3%-ға жоғары.
Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 599 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Сатудың барлық арналары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 118 310,3 млн.теңгені немесе 2024 жылдың көрсеткішіне 100,8% құрады.
Сатудың барлық арналары бойынша көтерме сауда айналымының көлемі 278 902,9 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 176%-ды (қолданыстағы бағамен) құрады.
Инвестициялық сала. 2025 жылдың қаңтар- маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 63 101,8 млн. теңге құрады, нақты көлем индексі 2024 жылғы деңгейге қарағанда 248,2% құрады.
Тұрғын үй құрылысы. 2025 жылғы қаңтар- маусымда 96 103 м² тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй – 84 201 м²,, жеке тұрғын үй құрылысы – 11 902 м².
Мемлекеттік бюджет. 2025 жылғы 1 шілдесі бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 69 696,2 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 118,2% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2024 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 10 506,5 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 122,3%-ға (21 118,8 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 42 689,6 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 106,6% құрайды. Көкшетау қаласының бюджетіне түсетін кірістер көлемі 35 339,3 млн.теңгені (122,7%) құрады.
Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 81 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 26 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 50 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 5 шағын орталық (4 мемлекеттік және 1 жеке), 18 жеке меншік балабақша). Сондай-ақ 4 қосымша ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК, "Балалар көркемсурет мектебі" МКҚК, техникалық шығармашылық орталығы) білім беру мекемесі жұмыс істейді.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 31 584 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 8 308 бала қамтылған, бұл 77,6%, 2 жастан 6 жасқа дейін – 87,4% немесе 8 308 бала, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 7 633 бала қамтылған (01.10 жағдайы бойынша жылына 1 рет есептеледі.).
Білім беру процессі екі ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, интернет желісіне қол жеткізе алады.
Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.
Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 1 170 іс-шара өткізіліп, оған 374,7 мың адам қатысты.
Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.
Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 357 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 1 стадион "Оқжетпес", 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 6 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 85 спорт залы, 178 жазық құрылыс, 16 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.
Есепті кезеңде жалпы 6 797 адамды қамтитын 61 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2025 жылдың 1 шілдесі бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 1 720 жұмыссыз тұр, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 6,1%-ға төмен.
Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 1 156 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,3 рет жоғары.
2025 жылғы 1 шілдесі жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде 817 бос жұмыс орындары тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 2,1 құрады.
Экономиканың түрлі салаларында 2 406 жаңа жұмыс орындары (2 037-тұрақты және 369-уақытша) құрылды, бұл 2025 жылға жоспарланған көрсеткіштің 38,8% құрайды.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 21 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.
Есепті кезеңде 16 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2024 жылғы көрсеткішке қарағанда 44,4%-ды құрайды.
Қоғамдық жұмыстарға 69 адам жіберілді, бұл 2024 жылғы деңгейден 13,7% төмен, «Күміс жас» жобасы бойынша - 18 адам, бұл 2024 жылғы деңгейден 14,3%-ға төмен.
Қылмыс. 2025 жылғы қаңтар-маусымда Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 663 құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 374 ашылды. Сотқа – 247 іс жолданды.