2025 жылғы 1 маусымы жағдайына Көкшетау қаласының бюджетін орындау қорытындысы

2025 жылғы 1 маусымы жағдайына Көкшетау қаласының бюджетін орындау қорытындысы

 

2025 жылғы 1 маусым жағдайына қала бюджетіне кірістер 36 428,3 млн. теңгеге түсті, оның ішінде салықтар және төлемдер (ауылдық округтер есебімен) 29 656,2 млн.тенге немесе жоспарға 121,7%  (24 368,7 млн. теңге).

         Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі (ауылдық округтер есебімен) 100%-ға игерілді, 31 349,3 млн. теңге жоспар кезінде, орындалуы 31 346,3 млн. теңгені құрады, немесе игерілмегені 2,9 млн. теңге (оның ішінде: 1,4 млн. теңге – ТКШ объектілері (жолдарды жөндеу), сараптама аяқталған жоқ.

Қалалық бюджеттік бағдарламалардың 14 әкімшілері (ББӘ) 100% қаражатты игеруіне қол жеткізді: қалалық мәслихат аппараты; қала әкімінің аппараты, Красный яр с/о әкімінің аппараты; Станционный к. әкімінің аппараты,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі; ішкі саясат бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі; тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; экономика және қаржы бөлімі; құрылыс бөлімі;  жер қатынастары, сәулет жєне қала құрылысы бөлімі; мемлекеттік активтер жєне сатып алу; тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы.

2025 жылғы 1 маусымы жағдайына Көкшетау қаласының бюджетін орындау қорытындысы
Дата публикации
09 июня 2025