2025 жылдың 1 сәуіріне Көкшетау қаласының бюджетін орындау туралы

2025 жылғы 1 сәуір жағдайына Көкшетау қаласының бюджетін орындау қорытындысы

 

2025 жылғы 1 сәуір жағдайына қала бюджетіне кірістер 21 488,2 млн. теңгеге түсті, оның ішінде салықтар және төлемдер (ауылдық округтер есебімен) 17 275,7 млн. теңге немесе жоспарға 141,9%  (12 174,4 млн. теңге).

         Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі (ауылдық округтер есебімен) 99,5%-ға игерілді, 16 536,6 млн. теңге жоспар кезінде, орындалуы 16 455,7 млн. теңгені құрады, немесе игерілмегені 80,9 млн. теңге (оның ішінде: 80,7 млн. теңге-құрылыс объектілері (ВОС реконструкциясы), жұмыс кестесінен артта қалу).

Қалалық бюджеттік бағдарламалардың 13 әкімшілері (ББӘ) 100% қаражатты игеруіне қол жеткізді: қалалық мәслихат аппараты; қала әкімінің аппараты, Красный яр с/о әкімінің аппараты; Станционный к. әкімінің аппараты,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі; ішкі саясат бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі; тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; экономика және қаржы бөлімі; жер қатынастары, сәулет жєне қала құрылысы бөлімі; мемлекеттік активтер жєне сатып алу; тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы.

97,8% - құрылыс бөлімі;

 

2025 жылғы 1 сәуір жағдайына Көкшетау қаласының бюджетін орындау қорытындысы
Дата публикации
07 апреля 2025