2025 жылғы 1 наурызға Көкшетау қаласының бюджетін орындау қорытындысы
2025 жылғы 1 наурыз жағдайына қала бюджетіне кірістер 13 953,1 млн. теңгеге түсті, оның ішінде салықтар және төлемдер (ауылдық округтер есебімен) 11 084,3 млн. теңге немесе жоспарға 141,1% (10 945,2 млн. теңге).
Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі (ауылдық округтер есебімен) 99,7%-ға игерілді, 11 010,2 млн. теңге жоспар кезінде, орындалуы 10 971,8 млн. теңгені құрады, немесе игерілмегені 38,4 млн. теңге (қаражатты үнемдеу және кезеңге талап етілмеген қаражат).
Қалалық бюджеттік бағдарламалардың 10 әкімшілері (ББӘ) 100% қаражатты игеруіне қол жеткізді: қалалық мәслихат аппараты; қала әкімінің аппараты, Красный яр с/о әкімінің аппараты; Станционный к. әкімінің аппараты, ішкі саясат бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі; экономика және қаржы бөлімі; жер қатынастары, сәулет жєне қала құрылысы бөлімі; мемлекеттік активтер жєне сатып алу; тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы.
99,9% - тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары;
98,9% - құрылыс бөлімі;
98,7% - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
95,9% - кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі