2024 жылғы қаңтар-қарашадағы ӘЭД қорытындылары

Көкшетау қаласының 2024 жылғы қаңтар-қарашасындағы  

әлеуметтік –экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

 

            Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2024 жылғы қаңтар-қарашасында өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 308 933,9 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 105,2%.

           Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.

           Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (79,5%) 2024 жылғы қаңтар- қарашасында 245 483,6 млн.теңге сомасына өнім өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. 2024 жылдың қаңтар- қарашасында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5 771,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 103,8% құрады.

Кәсіпкерлікті дамыту. 2024 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20,9 мың бірлікті құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,1%-ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында  жыл басынан бері 1 350 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Сатудың барлық арналары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі    263 829,9  млн.теңгені немесе 2023 жылдың көрсеткішіне 103,5% құрады.

          Инвестициялық сала. 2024 жылғы қаңтар- қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 70 005 млн. теңге құрады, нақты көлем индексі 2023 жылғы деңгейге қарағанда 63,5% құрады.

         Тұрғын үй құрылысы. 2024 жылғы қаңтар- қарашада 207 046  ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй – 113 695 ш.м., мемлекеттік тұрғын үй – 71 694  ш.метр, ЖТҚ – 21 657 ш. метр.

Мемлекеттік бюджет. 2024 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 112 121,9 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 88,7% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2023 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 15 050,0 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 68%-ға (38 584,7млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 73 537,2 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 105,5% құрайды. Көкшетау қаласының бюджетіне түсетін кірістер көлемі 52 406,0 млн.теңгені (107,3%) құрады.

Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 79 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 25 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 49 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша,  5 шағын орталық (4 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша). Сондай-ақ 4 қосымша ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК, "Балалар көркемсурет мектебі" МКҚК, техникалық шығармашылық орталығы) білім беру мекемесі жұмыс істейді.

         Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 31 584 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 8 308 бала қамтылған, бұл 77,6%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 7 633 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).

         Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.

          Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

          2024 жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 2 430 іс-шара өткізіліп, оған 846,8 мың адам қатысты.

          Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.

          Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 339 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 1 стадион "Оқжетпес", 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 6 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 82 спорт залы, 163 жазық құрылыс, 16 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есепті кезеңде жалпы 9 151 мың адамды қамтитын 104 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.

           Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2024 жылдың 1 желтоқсан бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 1 640 жұмыссыз тұр, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,8 рет жоғары.  

          Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 2 728 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2023 жылдың көрсеткішінен  21,2%-ға жоғары.

           2024 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде 565 бос жұмыс орындары тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 2,9 құрады.

           Экономиканың түрлі салаларында 6 465 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2024 жылға жоспарланған көрсеткіштің 98,4%-ы құрайды.

            «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 98 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

             Есепті кезеңде 36 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 97,3% - ды құрайды.                

             Қоғамдық жұмыстарға 81 адам жіберілді, бұл 2023 жылғы деңгейден 59,5% төмен, «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша - 17 адам, бұл 2023 жылғы деңгейден 45,2%-ға төмен, «Күміс жас» жобасы бойынша - 21 адам, бұл 2023 жылғы деңгейден 40,0%-ға жоғары, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша - 3 адам, бұл 2023 жылдың деңгейінде.

           Қылмыс. 2024 жылғы қаңтар-қарашада Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 1 552 қылмыс тіркелді, оның ішінде 743  қылмыс ашылды. Сотқа –404  іс жолданды.

 

Дата публикации
24 декабря 2024