«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша
2024 жылдың 1 қарашасына ақпарат
«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылға республикалық бюджеттен 5 маманға 36, 9 млн. теңге сомасында бюджеттік несиелер және 25 маманға 9,2 млн. теңге сомасында көтермелі жәрдемақы бөлінген.
2024 жылдың 1 қарашаға 25 маманға сомасы 9,2 млн. теңгеге көтермелі жәрдемақы төленді (оның ішінде: білім беру саласында – 18 маман, денсаулық сақтау – 5 маман, мәдениет – 0 маман, спорт – 1 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 0 маман, мемлекеттік қызметші – 1 маман).
Бюджеттік несие 36,9 млн. теңгеге 5 маманға берілді (оның ішінде білім беру саласында – 2 маман, денсаулық сақтау – 2, әлеуметтік қамсыздандыру – 0, мәдениет – 0, спорт – 1, агроөнеркәсіптік кешен –0, мемлекеттік қызметші – 0).