2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ӘЭД қорытындылары

Көкшетау қаласының 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі

әлеуметтік –экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

 

            Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2024 жылғы қаңтар- қыркүйектегі өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 249 860,9 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 105,0%.

           Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.

           Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (79,2%) 2024 жылғы қаңтар- қыркүйекте 197 791,8 млн.теңге сомасына өнім өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. 2024 жылдың қаңтар- қыркүйекте ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5 019,0 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 106,5% құрады.

Кәсіпкерлікті дамыту. 2024 жылғы 1 қазаны жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20,7 мың бірлікті құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 0,7%-ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында  жыл басынан бері 1 130 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Сатудың барлық арналары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі    190 101,4  млн.теңгені немесе 2023 жылдың көрсеткішіне 98,1% құрады.

          Инвестициялық сала. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 46 773,8 млн. теңге құрады, нақты көлем индексі 2023 жылғы деңгейге қарағанда 48,4% құрады.

         Тұрғын үй құрылысы. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 139 417 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй – 82 032 ш.м., мемлекеттік тұрғын үй – 38 695  ш.метр, ЖТҚ – 18 690 ш. метр.

Мемлекеттік бюджет. 2024 жылғы 1 қазаны жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 89 551,1 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 90,3% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2023 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 7 797,5 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 66,4%-ға (29 550,6 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 60 000,5 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 109,9% құрайды. Көкшетау қаласының бюджетіне түсетін кірістер көлемі 42 560,7 млн.теңгені (114,2%) құрады.

Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 77 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 25 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 47 мектепке дейінгі ұйым (25 мемлекеттік балабақша,  6 шағын орталық (5 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша). Сондай-ақ 4 қосымша ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК, "Балалар көркемсурет мектебі" МКҚК, техникалық шығармашылық орталығы) білім беру мекемесі жұмыс істейді.

         Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 30 689 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 8 020 бала қамтылған, бұл 77%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 7 412 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).

         Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.

          Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

          2024 жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 1 904 іс-шара өткізіліп, оған 686,0  мың адам қатысты.

          Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.

          Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 339 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 1 стадион "Оқжетпес", 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 6 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 82 спорт залы, 163 жазық құрылыс, 16 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есепті кезеңде жалпы 7 516  мың адамды қамтитын 77 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.

           Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2024 жылдың 1 қазаны бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 2 098 жұмыссыз тұр, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,1 рет жоғары.  

          Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 2 200 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2023 жылдың көрсеткішінен  19%-ға жоғары.

           2024 жылғы 1 қазаны жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде 879 бос жұмыс орындары тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 2,5 құрады.

           Экономиканың түрлі салаларында 5 061 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2024 жылға жоспарланған көрсеткіштің 83,1%-ы құрайды.

            «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 98 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

             Есепті кезеңде 36 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 97,3% - ды құрайды.                

             Қоғамдық жұмыстарға 81 адам жіберілді, бұл 2023 жылғы деңгейден 59,3% төмен, «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша - 17 адам, бұл 2023 жылғы деңгейден 45,2%-ға төмен, «Күміс жас» жобасы бойынша - 21 адам, бұл 2023 жылғы деңгейден 40,0%-ға жоғары, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша - 3 адам, бұл 2023 жылдың деңгейінде.

           Қылмыс. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 1 438 қылмыс тіркелді, оның ішінде 605  қылмыс ашылды. Сотқа –317  іс жолданды.

 

 

Дата публикации
18 октября 2024