2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қарқаралы ауданы экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметі туралы есебі

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

«Қарқаралы ауданы экономика және қаржы бөлімі» ММ

қызметі туралы есебі

 

 

 1.Жалпы ережелер

         Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Қарқаралы ауданы экономика және қаржы бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік көрсетілетін қызметің 1 түрін көрсетеді:

         1.Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.

Есепті кезеңде 78 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін НҚА-ға сәйкес көрсетіледі. 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

         Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеменің ақпараттық стендінде және Бөлімнің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер, Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімі, мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі және басқа да пайдалы ақпарат орналастырылған.

         Тиісті бөлімде қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

         Облыс тұрғындарының «Сенім 109» бірыңғай үйлестіру орталығы арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтарға жауап алуға мүмкіндігі бар.              

3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына күнделікті бақылау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін азаматтардың көрсетілетін қызметті берушімен байланысын азайту мақсатында Азаматтардың «электрондық үкімет» порталы, «Baspana Market» порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алуы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында» электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша әдістемелік және практикалық көмек жалғастырылды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында курстар өткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарға консультациялық және практикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.

 

 

Дата публикации
08 мая 2026