Қаражал қалалық мәслихатының 2021 жылғы "___" «________» №____ “ Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы LIV сессиясының №444 «2021-2023 арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
шешімінің жобасына баспасөз релизі
ШЕШТІ:
1- тармақ келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 605 599 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 729 083 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 769 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 870 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 866 877 мың теңге;
2) шығындар – 6 951 708 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 346 109 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 346 109 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 346 109 мың теңге.»;
көрсетілген шешімге 1, 4 қосымшалар осы шешімге 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Шешім жобасы 2021 жылғы 16 тамыз айында Ашық нормативтік – құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.