Қалалық бюджеттің нақтылауы бойынша ақпарат

2021 жылғы 10 ақпанда бюджет қаражатының бос қалдықтарын бөлуге байланысты 2021 жылға арналған қалалық бюджеттің алғашқы нақтылауы өтті. Аталған қаражаттар бюджетке салық түсімдері бойынша жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындау есебінен құралды.

Қосымша бюджет қаражаты шығыстарының негізгі бағыттары келесілер:

  • 10-шағын аудандағы 45-пәтерлі №№16,17,11 және 15-ші тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландыру;
  • Тәуелсіздік алаңын абаттандыру;
  • 10-шағын ауданда №№11 және 15 көпқабатты тұрғын үйлерге ИКИ құрылысын бастау;
  • Қоңырат шағын ауданындағы Финская және Октябрьская көшелері бойында ішкі кварталдік жылу желілерінің құрылысын бастау;
  • 1 және 2-кезектегі жылу желілерін қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыруды бастау;
  • тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын жөндеу;
  • коммуналдық кәсіпорындар үшін арнайы техника сатып алу;
  • Саяқ кентіндегі 4 бес қабатты үйдің шатырын жөндеуге;
  • жылу желілерін жөндеуге және оқшаулауға;
  • Тоқырау-Саяқ су таратқышының апатты учаскелерін ағымдағы жөндеу (3,5 км);
  • Рысқұлов көшесіндегі жолды жөндеу;
  • жаяу жүргіншілер тротуарларын жөндеуге және қалпына келтіруге;
  • Қоңырат шағын ауданында мобильді тез тұрғызылатын спорт кешенін орнату және басқа да іс-шаралар.
Қалалық бюджеттің нақтылауы бойынша ақпарат
Дата публикации
11 февраля 2021