2020 жылғы атқарылған жұмыс туралы есеп

"Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті қалыптастыру және орындау бойынша функцияларды жүзеге асырудан тұрады.     

2020 жылы бөліммен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері бойынша қала әкімдігінің 63 қаулысы дайындалды.

      Бюджет жүйесі орнықтылығының қажетті шарттары ретінде шығыс міндеттемелердің жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі мен функцияларына сәйкестігі және осы функцияларды қаржыландыру үшін бюджет қаражатын оңтайлы бөлуі болып табылады. 

        2020 жылға арналған бюджеттің жалпы көлемі 21 млрд.087 млн. теңге сомасында қалыптасты. 2020 жылға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту, тиімді жұмыспен қамту деңгейін арттыру, әсіресе көп балалы аз қамтылған отбасылар мен халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту болып айқындалды.   

        Бюджетті нақтылау кезінде тұрақты қоғамдық-саяси жағдайды сақтау,  әлеуметтік жанжалдың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында                                   4 млрд. теңгеге жуық көлемдегі елеулі қаражат дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға, азаматтардың өзекті әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталды                 (бұл атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту жол картасы, коммуналдық қызметтер бойынша халықтың төлемдерін өтеу, азық-түлік жиынтықтары, тұрмысы төмен көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алу, короновирустық инфекцияны таратпау жөніндегі іс-шараларға және т.б.).

      Бюджеттің атқарылуы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң серпінін сақтау жағдайында өтті. Кірістер бойынша параметрлер 114,3% - ға орындалды, шығыстар 95,3% - ға орындалды. 2020 жылы қала бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары:

      - әлеуметтік сала (білім беру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т. б.) – 8,7 млрд. теңге (2019 жылы - 7,7 млрд. теңге);

      -  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 10,8 млрд. теңге (2019 жылы - 2,5 млрд. теңге).

        2020 жылы тұрғын үй –коммуналдық саласын қаржыландыруды 4,3 есеге ұлғайю қалалық инфрақұрылымды белсенді дамыту, тұрғын үй салу, көп қабатты тұрғын үйлердің шатыры мен қасбеттерін жөндеу, аула аумақтарын, скверлер мен саябақтарды жайластыруға және т. б. мүмкіндік берді.

         Өткен жылы экономикалық, бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару мәселелері бойынша бюджеттік комиссияның 25 отырысы өткізілді, бюджет қаражатының бос қалдықтарын бөлу, қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаю, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер сомаларының өзгеруі, бюджеттік бағдарламалар арасындағы ішкі түзетулерге, жергілікті атқарушы органның резервінен шұғыл шығындарға қаражат бөлуге байланысты қалалық бюджеттің 7 нақтылауы және 10 түзетуі жүзеге асырылды.

       Жыл бойы бюджет процессі шеңберінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау бойынша, оларда көрсетілген шығыстардың басымдылығы, бюджеттік өтінімдерді талдау, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде әрбір бюджеттік бағдарламаның тиімділігін күшейту бөлігінде бір қатар жұмыстар жүргізілді. Бөлінген бюджеттік қаражатты уақтылы және сапалы игеру мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп жедел режимде проблемалы мәселелерді уақтылы анықтау және бюджетті нақтылау шеңберінде шаралар қабылдау үшін бюджет қаражатының игерілмеу тәуекелі пысықталды. Бөлім бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған бюджеттік және экономикалық жоспарлау саласында әдістемелік басшылықты тұрақты негізде жүзеге асырады.

       Бюджеттің айқындығын және азаматтардың бюджетті талқылауға қатысуын қамтамасыз ету шеңберінде қалалық бюджет шешімдерінің жобалары "Ашық НҚА" интернет-порталында орналастырылды. Қалалық бюджетті бекіту/нақтылау туралы шешімдер, қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер міндетті түрде БАҚ-та және атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады. Ақпараттық ашықтық мақсатында қалалық бюджет туралы мәліметтер "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" ақпараттық ресурсында өзекті жағдайда ұсталады.

        Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында жыл бойы қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының бастапқы есептері мен ақпараттарын талдау негізінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің ай сайынғы мониторингі жүзеге асырылды.  Жалпы 2020 жылдың қорытындысы бойынша экономика салаларының экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі  алынған жоспарлы міндеттемелер орындалды.

Алайда, теріс үрдістер әлі де бар және бірінші кезекте өткен жылы инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен сипатталады. Балқаш қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2020 жылы 31800 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі (бұдан әрі-НКИ) – 64%.

       Мемлекет басшысының 2020 жылғы 01 қыркүйектегі Жолдауының негізгі бағыттарының бірі – «экономикалық даму жаңа шындықта»,  дүниежүзілік пандемиядан туындаған сыртқы және ішкі мәселелерге қарамастан, қаламыз даму қарқының төмендетпей, керісінше,  өнеркәсіптік өндіріс көлемін 4% - ға ұлғайту есебінен экономикалық өсімді қамтамасыз етті.  Карантиндік шараларға қарамастан, бөлшек сауда айналымының көлемін өткен жылғы деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік туды.  Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 874,4 млн.теңгені құрады, НКИ – 100,5%.

       2020 жылдың қорытындысы бойынша қаланың құрылыс секторы жоғары өсу қарқынын көрсетті, құрылыс жұмыстарының көлемі 29,5 млрд.теңгені, НКИ – 167,8% - ды құрады. Өткен жылдың көлемінен 2,6 есеге асып, тұрғын үй құрылысы оң динамиканы көрсетті, бұл азаматтардың жекелеген санаттарының тұрғын үй кезегін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

 

          Қаланың негізгі экономикалық проблемаларын шешу, халықтың жаңа өмір сапасы мен деңгейін қамтамасыз ету, таяу жылдары халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету және тұтастай алғанда жайлы және қауіпсіз орта құру үшін өткен жылдың соңында Балқаш қаласының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Даму бағдарламасы әзірленді және бұл Бағдарлама орта мерзімді кезеңге бағдар болатыны анық. 

 

         

 «Балқаш қаласының экономика

 және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                              З.Шлыкова

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 января 2021