Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік сатып алулар туралы

Мемлекет басшысының мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесін құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2023 жылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Толықтырулардың бірі – әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін жаңа өлшемшарттар енгізу, ол теріс мәндер және әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы.

      Теріс мәндер өлшемшарты әлеуетті өнім берушінің орындауында ағымдағы қаржы жылында жасалған әрбір шартқа қолданылады, әрбір осындай шарт бойынша жалпы шартты жеңілдіктің 0,1%-ы автоматты түрде алып тасталынады. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде теріс мәндер қолданылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу тізбесі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 11-5-қосымшада көрсетілген.Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы түріндегі конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт осы Қағидаларға 11-4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылады. Егер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын және әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге бір пайыз (1%) мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.Бұл жаңашылдықтар құрылыс нарығындағы монополияны азайтуға мүмкіндік берді.

Дата публикации
07 декабря 2023
Дата обновления
07 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 августа 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат
21 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы