Ауданның 2025 жылдың қаңтар-тамыз айындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 283 351,3 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (208 194,6 млн.теңге) салыстырғанда 136,1%. Нақты көлем индексі 94,6%.
Төмендеу себептері:
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС құрайды. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндіретін өнімі 225 522,7 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 79,6%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ бойынша 54875,8 млн.теңгенің өнімі өндірілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (47 107 млн. теңге) 104,8%, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 4 819 мың тонна 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3 926,4 мың тонна) 122,7%, құрамында алтыны бар концентраттар 24,85 мың тонна өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 87,6 мың тонна) 28,3%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 19,4%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 782 млн.теңгенің өнімін өндірді, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (773,1 млн.теңге) 101,2%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 436,3 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (494 мың тонна) 88,3%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 0,3%;
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 343,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (154,8 млн.теңге) 221,9%, заттай түрде өндірілген балық 366 тонна 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 299 тонна) 122,7%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 0,1%;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша қолданыстағы бағамен 157 725,1 млн.теңгенің өнімін өндірді, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (99 926,9 млн.теңге) 157,8%. Заттай түрде өндірген алтын көлемі 3 009 кг немесе өткен жылмен (3 074 кг) салыстырғанда 97,9%, күміс көлемі 263 кг немесе өткен жылмен (212 кг) салыстырғанда 124%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 55,7%;
- «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС бойынша 11 796,3 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (11 183,1 млн.теңге) 105,5%. Өңделмеген тазартылмаған мыс көлемі 3 177 тоннаға орындалды немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3 201 млн.теңге) 99,3%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 4,2%;
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірген жалпы өнім көлемі – 57 828,6 млн.теңге немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (23 583 млн.теңге) 2,4 есе. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 20,4%;
Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 14422,2 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен (12379,6 млн.теңге) салыстырғанда 116,5 %. Нақты көлем индексі 106,3%. .
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 4980,4 тонна, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4638,4 тонна) 107,4% өскен, сүт өндіру 16066,5 тонна немесе (15817,8 тонна) 101,6% өскен, тауық жұмыртқасы 787,1 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (821,3 мың дана) 95,8% төмендеген.
Төмендеу себебі:жұмыртқа өндіру көлемінің төмендеуінен. Заңды тұлғалардың статистикалық есептілікті уақытылы тапсырмау себебінен.
2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы бойынша ірі қара 71602 бастан 70912 басқа немесе 99,0%, қой-ешкі 140794 бастан 141918 басқа немесе 100,8%, жылқы саны 52472 бастан 53666 басқа немесе 102,3% өскен, құс саны 13435 бастан 11462 басқа немесе 85,3% төмендеген.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 41 424,4 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (51 281,8 млн.теңге) 80,8%. Нақты көлем индексі 76,2%.
Төмендеу себебі:
2024 жылы Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілгендіктен өскен.
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 7889,2 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 19% (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындары);
- пайдалы қазбалар қорларын барлау және барлауға салынған шығындар – 5 889,6 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 14,2%;
- ауыл шаруашылығы шығындары 420,3 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 1 %;
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы 23 455,4 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 56,6% (Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары);
- «Казавтожол» Ұлттық компаниясы 3 662,7 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 8,8% (құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары, Балқаш – Сарышаған бағытында 139 км, Балқаш-Ақсу-Аюлы (Бектау ата) бағытында 40 км жөнделуде);
- денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы шығындар – 91,6 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 0,2%.
- өнер, ойын-сауық және демалыс қызметтерін көрсету саласындағы шығындар – 15,6 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 0,1%.
|
2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 106,4 млрд.теңге жоспарлануда. -«Алтыналмас АК» АҚ-ның машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындар – 9 млрд.теңге; - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы – 93 млрд.теңге; - ауылшаруашылығы бойынша – 0,8 млрд.теңге - өзге де қызметтер түрлерінен – 3,6 млрд.теңге (Сарышаған кентінің ССС кеңейту 902,1 млн.теңге, Сарышаған кентіне ҚТҚ полигоны құрылысы 6,8 млн.теңге, медпунктер құрылысы 980,8 млн.теңге, медициналық пунктіне сыртқы инженерлік желілер салу 230,1 млн.теңге, бюджет есебінен күрделі шығыстары 269,3 млн.теңге, Тоқырауын өзенін санациялау 1 219 млн.теңге, Нүркен ауылына ветеринариялық модульдік ғимарат сатып алу 17,9 млн.теңге, Қарабие 2 қорымында археологиялық зерттеулер жүргізу 7,1 млн.теңге) |
Шағын және орта бизнес.
Белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1565 субъект, бұл 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1621 субъект) 96,5%.
Төмендеу себебі: жалпыға бірдей декларацияның енгізілуіне байланысты. Яғни, активтер мен міндеттемелер туралы декларация – 250.00 формасы тапсырылады, бұл талап жұмыс істемейтін және уақытша тоқтатылған кәсіпорындарға да қолданылады. Сондықтан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғысы келмейтін жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерліктер жабылуда.
Бөлшек сауда айналым көлемі 4 847,76 млн.теңге немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен (2 943,9 млн.теңге) салыстырғанда 164,7%. Нақты көлем индексі 149%.
Көтерме сауда айналым көлемі 6 671 млн.теңге немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен (47,9 млн.теңге) салыстырғанда 130,9 есе өсім. Нақты көлем индексі 13094,7%.
Өсу себебі:
«Индустриал Маркет Ресурс» ЖШС және «Гелиос» ЖШС көрсеткіштері арқылы өсім көрсетілуде
Құрылыс жұмыстарының көлемі 19322,0 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімінде (39324,4 млн.теңге) салыстырғанда 46,2%.
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы –-11400 млн теңге;
-«Алтыналмас» АК құрлыс жұмыстарының шығындары–3000 млн.теңге;
-« Ақтоғай мыс » АҚ құрылыс жұмыстарының шығындары 1115 млн теңге;
-«Алматы-Астана» жол құрлысы жұмыстарының шығыны-1807 млн.теңге.
Іске қосылатын тұрғын үйлер орындалған жоқ.
Қаржы саласы
Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2861,4 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2353,2) 121,6% құрады. 2006,3 млн.теңге өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1750,3 млн.теңге) жоспардың орындалысы 114,6%.
Әлеуметтік сала
Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 401 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (417 адам) 96,2%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 321 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (429 адам) 74,8%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 149 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (142 адам) 104,9%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (63 адам) 47,6%.
Денсаулық саласы
2025 жылдың шілде айына 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 10 немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (10,22) 97,8% .
2025 жылдың шілде айына 1000 адамға шаққандағы өлім коэффициенті 2 немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3,61) 55,4%.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 563 адам өткен жылмен салыстырғанда (525 адам) 107,2%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 484 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (484 адам) 100%.
Оқушылар саны 2787, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 50 немесе өткен жылмен салыстырғанда (43 қылмыс) 116,3% құрады.
Ауыр қылмыстан тіркелген өткен жылмен салыстырғанда (12 қылмыс), ашылуы 63,6% (2024 жылы 86,7%).v