Ауданның 2025 жылдың қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

Ауданның 2025 жылдың қаңтар-маусым айындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 218 345,1 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (2024ж. маусым - 124 157 млн.теңге).  Нақты көлем индексі 106,5%.

Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 7600,2 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен (6580,3 млн.теңге) салыстырғанда 115,5 %. Нақты көлем индексі 109,6%. .

Мал шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайту күтілуде: тірі салмақтағы мал мен құс 10,8%, сүт - 1,7%.

Құстардың көбеюі күтілуде - 32,8%

Ірі қара мал басы 10,3%, қой мен ешкі 3,9%, жылқы 5,1% төмендеді.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 29 126,6 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (38 457,4 млн.теңге) 75,7%. Нақты көлем индексі 71,9%.

Төмендеу себебі:

2024 жылы Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілгендіктен өскен.

Шағын және орта бизнес.

Белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1553 субъект, бұл 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1657 субъект)  93,7%.

Төмендеу себебі: жалпыға бірдей декларацияның енгізілуіне байланысты

Бөлшек сауда айналым көлемі 3 396 млн.теңге немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен  (2 023,9 млн.теңге) салыстырғанда 167,8%. Нақты көлем индексі 152,3%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 17322,0 млн.теңге күтілуде, 2024 жылдың сәйкес мерзімінде (маусым 2024ж. 34907,2 млн.теңге) күтілу көлемі 95,0%.  

Іске қосылатын тұрғын үйлер  орындалған жоқ.

Қаржы саласы

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2743,7 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2015,1) жоспармен салыстырғанда 136,2% құрады

 Әлеуметтік сала

         Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 357 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (385 адам) немесе 92,7%.   

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 291 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (363 адам) 80,2%.

         Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 149 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (140 адам)  106,4%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 25 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (63  адам) 39,7%.

Денсаулық саласы

2025 жылдың маусым айына 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 14 немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (14,5) жағдай .

2025 жылдың маусым айына 1000 адамға шаққандағы өлім  коэффициенті 5 немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (5,1 жағдай).

Бала өлімі -0 (2024 мамыр -0, 1000 адамға шаққанда)

Білім саласы 

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 563 адам.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 484 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (484 адам) 100%.

Оқушылар саны 2787, 

1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Дата публикации
10 сентября 2025