Ауданның 2025 жылдың қаңтар-мамыр айындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 167 507,8 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (99 427,8 млн.теңге) салыстырғанда 168,5%. Нақты көлем индексі 106%.
Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 4240,8 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен (3569,7 млн.теңге) салыстырғанда 118,8 %. Нақты көлем индексі 111,9%.
Мал шаруашылығы өнімінің көлемі ұлғаяды деп күтілуде: тірі салмақтағы мал мен құс - 17,5%, сүт - 1,4%.
Ірі қара мал басын 10,7% -ға, қой мен ешкіні 6,9% -ға көбейту күтілуде. құстар - 6,0%, жылқы басы - 14,5%.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 20 576,1 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (25 843,4 млн.теңге) 79,6%. Нақты көлем индексі 75,5%.
Төмендеу себебі:
2024 жылы Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілгендіктен өскен.
Кәсіпкерлікті дамыту.
Белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1550 субъект, бұл 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (мамыр 2024 ж. 1627 субъект) 95,3%.
Төмендеу себебі: жалпыға бірдей декларацияның енгізілуіне байланысты.
Бөлшек сауда айналым көлемі 2 763 млн.теңге немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен (1 610,5 млн.теңге) салыстырғанда 171,6%. Нақты көлем индексі 155,8%.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 11715,8 млн.теңге, (2024 жылдың мамыр айында - 23436,2 млн.теңге) салыстырғанда 49,9% күтілуде.
Іске қосылатын тұрғын үйлер жоспарланбаған, орындалған жоқ.
Қаржы саласы
Аудан бюджетінің кіріс бөлігіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2458,5 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1714,3) 143,4% жоспарға сәйкес .
Әлеуметтік сала
Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 385 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (386 адам) 99,7%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 100 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (281 адам) 63%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 104 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 25 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (61 адам) 41%.
Денсаулық саласы
2025 жылдың сәуір айына 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 8 немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (10,20) .
2025 жылдың сәуір айына 1000 адамға шаққандағы өлім коэффициенті 5 немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3,61).
2025 жылдың қаңтар айында нәресте өлімі тіркелмеген.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 563 адам өткен жылмен салыстырғанда (525 адам) .
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 484 адам, немесе 100%.
Оқушылар саны 2787.
1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.