Ауданның 2025 жылдың қаңтар-апрель айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

Ауданның 2025 жылдың қаңтар-апрель айындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

 

 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 136 756 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (76 716 млн.теңге) салыстырғанда .  Нақты көлем индексі 115,2%.

Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 2599,8 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен (2331,7 млн.теңге) салыстырғанда 111,4 %. Нақты көлем индексі 103,5%.

         Мал шаруашылығы өнімінің көлемін: тірі салмақтағы мал мен құс 1,5% -ға, сүт - 1,3% -ға көбейту күтілуде.

        Ірі қара мал басын 10,9% -ға, қой мен ешкіні 6,6% -ға, құстар - 6,2%, жылқы басы - 5,7%.көбейту күтілуде.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 12 452,9 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (22 136,5 млн.теңге) 56,3%. Нақты көлем индексі 53,4%.

Төмендеу себебі:

2024 жылы қаңтар айында Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілгендіктен өскен.

Шағын және орта бизнес.

Белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1552 субъект, бұл 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1624 субъект)  95,6%.

Бөлшек сауда айналым көлемі 2 127,8 млн.теңге немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен  (1 205,6 млн.теңге) салыстырғанда 176,5%. Нақты көлем индексі 160,6%.

Көтерме сауда айналым көлемі 3 896,9 млн.теңге немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен  (34,1 млн.теңге) салыстырғанда 114,3 мың есе өсім. Нақты көлем индексі 10810,4%.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 16100 млн. теңгені (2024 жылғы сәуір - 16379,9) құрады, күтілетін көлем 95%.Іске қосылатын тұрғын үйлер жоспарланбаған, орындалған жоқ.

Қаржы саласы

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2458,5 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1229,5) 2 есе құрады.

 Әлеуметтік сала

         Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 342 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (302 адам)  113,2%.   

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 100 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (198 адам) 50,5%.

         Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 99 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (90 адам).  

         Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 25 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (50  адам) 50,%.

 

Денсаулық саласы

2025 жылдың наурыз айына 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 11 немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,06) .

2025 жылдың наурыз айына 1000 адамға шаққандағы өлім  коэффициенті 9 немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3,40)  20,6%.

2025 жылдың қаңтар айында нәресте өлімі 1 тіркелген.

 

Білім саласы 

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 563 адам өткен жылмен салыстырғанда (525 адам).

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 484 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (484 адам) 100%.

Оқушылар саны 2787, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды.

 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

 

Дата публикации
10 сентября 2025