Ауданның 2025 жылдың қаңтар-наурыз айындағы күтілетін әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

 

Ауданның 2025 жылдың қаңтар-наурыз айындағы күтілетін әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 64 038 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (36 274 млн.теңге) салыстырғанда 176,5%.  Нақты көлем индексі 133,9%. Наурыз айына 96 067 млн теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен  (55 272,9 млн теңге) салыстырғанда 150% күтілуде.

Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 932,4 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен (1097,4 млн.теңге) салыстырғанда 84,9 %. Нақты көлем индексі 101,2%. Наурыз айына өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 2092,3 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен (2323,3 млн.теңге) салыстырғанда 101,8 % күтілуде.

Төмендеу себебі:жұмыртқа өндіру көлемінің төмендеуінен. Заңды тұлғалардың статистикалық есептілікті уақытылы тапсырмау себебінен.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 396,9 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімімен  салыстырғанда 71,7%. Нақты көлем индексі 68,1%. Наурыз айына 8400 млн.теңге 2024 жылдың сәйкес мерзімімен  салыстырғанда (150441,1 млн.теңге) 55,8% күтілуде.

Төмендеу себебі:

2024 жылдың қаңтар айында Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуінен.

Шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1565 субъект, бұл 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1655 субъект)  94,6%. Наурыз айында субъектілер саны 1570 субъект, бұл 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1633 субъект)  96,1% күтілуде.

Төмендеу себебі: жалпыға бірдей декларацияның енгізілуіне байланысты.

Бөлшек сауда айналым көлемі 963,1 млн.теңге немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен  (600,1 млн.теңге) салыстырғанда 160,5%. Нақты көлем индексі 147%. Наурыз айында бөлшек сауда айналым көлемі 973 млн.теңге немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен  (893 млн.теңге) салыстырғанда 109% күтілуде.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 488 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес мерзімінде (6682,0 млн.теңге) салыстырғанда 35,7%.  Құрлыс жұмыстарының көлемі наурыз айына 2548 млн.тенге орындау күтілуде. 

Іске қосылатын тұрғын үйлер жоспарланбаған, орындалған жоқ.

Қаржы саласы

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 836,2 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (779,6) 107,3% құрады. 621,9 млн.теңге өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (580,8 млн.теңге) жоспардың орындалысы 134,4%.

 Әлеуметтік сала

         Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 308 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (251 адам)  122,7%.   

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 54 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (106 адам) 50,9%.

         Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 70 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (53 адам)  132,1%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 25 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (46  адам) 54,3%.

Денсаулық саласы

2025 жылдың қаңтар айына 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 0,30 немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,52) .

2025 жылдың қаңтар айына 1000 адамға шаққандағы өлім  коэффициенті 1,0 немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3,81)  3,8%.

2025 жылдың қаңтар айында нәресте өлімі тіркелмеген.

Білім саласы 

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 525 адам өткен жылмен салыстырғанда (525 адам) 100%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 482 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (484 адам) 99,6%.

Оқушылар саны 2912, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

 

 

Дата публикации
10 сентября 2025