Ауданның 2025 жылдың қаңтар айының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

Ауданның 2025 жылдың қаңтар айының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

 

Экономиканың нақты секторы

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 29 944 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен (қаңтар 2024 ж. - 17 379 млн.теңге).  Нақты көлем индексі 129,7%.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімінің көлемі 418,7 млн. теңгені (2024 жылғы қаңтар - 449,5 млн. теңге) құрады. Нақты көлем индексі - 98,4%.

Төмендеу себебі: ет, жұмыртқа өндіру көлемінің төмендеуінен. Заңды тұлғалардың статистикалық есептілікті уақтылы ұсынбауы себебінен.

Мал шаруашылығы өнімінің көлемі ұлғайды: сүт 1,3%.

Мал шаруашылығы өнімінің көлемі азайды: тірі салмақтағы мал мен құс 2,8%, жұмыртқа - 0,6%.

Ірі қара мал басы 13,1% -ға, қой мен ешкі 8,3% -ға ұлғайды. құстар - 4,2%, жылқы басы - 19,5%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 2 422,3 млн.теңге (2024 ж. – 7985,2 млн.теңге). Нақты көлем индексі – 28,9 %.

Төмендеу себебі: 2024 жылғы қаңтарда Достық-Мойынты темір жолының екінші желісінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпкерлікті дамыту

Жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 1574 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  95,1% (2024 жылғы қаңтар - 1655 бірлік).

Төмендеу себебі: жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге байланысты.

Сауда

Бөлшек сауда айналым көлемі 486 млн.теңгені құрады немесе 162,1 % 2024 жылдың сәйкес мерзімімен  (299,9 млн.теңге). Нақты көлем индексі 149,2%.

Көтерме сауда көлемі 536,6 млн.теңгені құрады немесе 97,6 есе өткен 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылы (5,5 млн. теңге). Нақты көлем индексі 9 224,3%.

Құрылыс

Құрылыс  жұмыстарының көлемі 100 млн.теңге, (2024 жылдың қаңтар айына жоспарланбаған).   

Қаржы көрсеткіштері

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 174 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 109,3% құрады. жоспардың орындалысы 103,2%.

 Әлеуметтік сала

         Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 322 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (241 адам)  немесе 133,6%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 43 адам немесе 79,6%, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2024 ж қаңтар айында 54 адам).

         Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 57  адам.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, аз қамтамассыз етілгендер атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 25 адамды құрады немесе 61% (қаңтар 2024 ж. - 41  адам).

Денсаулық саласы

2025 жылы 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 32,9 % төмендеді немесе 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (10,30 жағдай).

2025 жылы 1000 адамға шаққандағы өлім  коэффициенті 3,8 % (қаңтар 2025 ж. – 3,84 , 2024 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3,70 жағдай).

2025 жылдың қаңтар айында нәресте өлімі тіркелмеген.

Білім саласы 

Мектепке дейінгі  жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 525 адам.

 Мектепке дейінгі білім берумен қамтылған балалар саны 482 адам немесе 91,8%.

Жалпы орта білім беру мектептерінде оқушылар саны 2912.

1 компьютерге келетін оқушы саны - 2,5.

Дата публикации
10 сентября 2025