Ақтоғай ауданында 2024 жылы мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы

Ақтоғай ауданында 2024 жылы  мемлекеттік

сатып  алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы

 

 

2024 жылға аудан бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға  мемлекеттік сатып алудың веб-порталына 5 млрд 713 млн 340 мың  теңгеге жылдық  жоспар орналастырылып, 4 млрд 945 млн 996 мың теңгеге 1777 келісім шартқа отырды. Қалыптасқан шартты үнем 380 млн 440 мың теңге. 

Оның ішінде:

Бір көзден  тікелей  шарт жасасу арқылы 248  мемлекеттік сатып алу 424 млн 753 мың теңгеге жоспарланып (ақпараттық есептеу орталығы, коммуналдық қызметтері т.с.с), 424 млн 517 мың теңгеге 207 келісім шартқа отырды;

Баға ұсыныстарын  сұрату  тәсілі арқылы  2177  мемлекеттік сатып алулар 1 млрд 007 млн 156 мың теңгеге жоспарланып, 722 млн 816 мың теңгеге 1409  келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 91 млн 960 мың теңге;

Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс  6 мемлекеттік сатып алу (ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жастар ресурстық орталығы) 25 млн 296 мың  теңгеге жоспарланып, 6 сатып алу жарияланып 24 млн 628 мың теңгеге келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 668 мың теңге.

Негіздемелік келісім бойынша (байланыс қызметі, интернет, жанар-жағар май сатып алу) 68 мемлекеттік сатып алулар 33 млн 435 мың теңгеге жоспарланып, 32 млн 978 мың теңгеге 68  келісім шартқа отырды;

Электрондық дүкен арқылы  39  мемлекеттік сатып алу 11 млн 466 мың  теңгеге жоспарланып, 10 млн 802 мың теңгеге 29  келісім шартқа отырды;

Тұрғын үй сатып алу бойынша 496 млн 100 мың  теңгеге  29  тұрғын үй сатып алу жоспарланып, 443 млн теңге 25 тұрғын үй сатып алу бойынша келісім шартқа отырды.

Конкурстар  бойынша  (ашық, біліктілікті  алдын-ала  анықтау, рейтинг-балдық жүйе  тәсілдері  арқылы)  42  мемлекеттік сатып алу (оның ішінде аудандық ББӘ бойынша 34 конкурс,  білім бөлімі бойынша 8 конкурс) 3 млрд 715 мың 134 мың теңгеге жоспарланып,  41   конкурс жарияланып, 3 млрд 287 млн 255 мың теңгеге 33  келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 287 млн 812 мың теңге.

             - Облыстық бірыңғай ұйымдастырушы (Қарағанды облысының мемлекеттік  сатып алу басқармасы) арқылы 6  конкурс 2 млрд 227 млн 281 мың теңгеге жарияланып, 2 млрд 177 млн 142 мың теңгеге 6 келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 50 млн 139 мың теңге.

             - Ақтоғай ауылының су құбыры желілерін салу және техникалық қадағалау қызметі,   Сарышаған кентіндегі су айдау станциясын тазарту қондырғысымен кеңейту және техникалық қадағалау қызметі, Сарышаған кенті, 3 шағын ауданы, №4 үйді реконструкциялау (қалпына келтіру) құрылысын аяқтау жұмысы және техникалық  қадағалау қызметі.

             -Аудандық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы («Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ)  35  конкурс 1 млрд 484 млн 190 мың теңгеге жарияланып, 1 млрд 110 млн 113 мың теңгеге 27 келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 237 млн 673 мың теңге.

             Аудан көлемінде  іске асырылатын ірі жобалардың  мемлекеттік сатып алуларына тоқталатын болсақ:

 

             Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша - Қарабұлақ ауылдық округі, Нарманбет ауылы клуб үйі ғимаратын күрделі жөндеу жұмысын аяқтау, «Сарышаған мектеп-интернаты» КММ күрделі жөндеу жұмысы.

             Ағымдағы жөндеу жұмыстары - «Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ және «Ә.Ермеков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ағымдағы жөндеу, Сарышаған кентінің жылу қазандықтарын ағымдағы  жұмыстары, Нүркен ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты ағымдағы жөндеу (санитарлық торап), Кежек ауылдық округі әкімі аппаратының әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеу, Сарытерек ауылдық округі әкімдігінің иелігіндегі ғимаратты ағымдағы жөндеу.

             Жолдары жөндеу жұмыстары – Сарышаған кентінің Ынтымақ көшесінің жолын орташа жөндеу, Ақтоғай-Шылым-Ақжарық, Ақтоғай-Ақтас бағытындағы  автожолдардағы су өткізгіш құбырларды ағымдағы жөндеу,  Нарманбет-Айыртас, Қусақ, Абай бағытындағы  автожолдардағы  су өткізгіш құбырларды ағымдағы жөндеу жұмыстары;

             Абаттандыру жұмыстары - Сарышаған кентінің Балқаш көшесіне көше шамдарын орнату, жағажайды абаттандыру, Ақтоғай ауылындағы электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары,  Қызыларай ауылдық округі. Сеңкібай көшесіне КТП мен көше жарығын орнату, Шабанбай би ауылдық округі Қасабай елді мекеніне 10 баған орнату, Ортадересін ауылдық округі балалар алаңын орнату жұмыстары, Шашубай кентіндегі Ғарышкерлер 2, Сейфуллин 1 үйлерінің аулаларын абаттандыру, Нүркен ауылдық округіндегі саябаққа 25 баған орнату жұмыстары іске асырылды.

         Мемлекеттік сатып алу саласындағы  заңдылықтар  бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу бөлімнің негізгі міндеті болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына және  веб-порталына енгізілген  өзгерістер туралы  аудан әкімінің, экономика және қаржы бөлімнің ресми интернет ресурсында тоқсан сайын, аудандық баспасөз бетіне  жарияланып отыр, сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімерлерінің мамандары мен  бухгалтерлері арасында  іске қосылған әлеуметтік желі (ватсап)  арқылы да түсіндірме жұмыстары, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына енгізілген өзгерістер жөнінде семинар кеңестер үнемі жүргізілуде.

Барлық конкурстық рәсімдер уақытылы жарияланып, келісім-шартқа отыру қадағалануда. Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысындағы талаптарды бұзу фактілері туралы хабарлама жасау үшін 2-15-92 сенім телефоны жұмыс жасайды.

 

 

         «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Дата публикации
06 января 2025