Жоба
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 111 « 2024 жылы Ақтоғай ауданының
ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу
және тұру үшін келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарды,
ауылдар, кенттер, ауылдық округтер
әкімдері аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне көтерме жәрдемақы
және тұрғын үй сатып алуға немесе
салуға бюджеттік кредит түрінде
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
кіріспе мынадай редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:».
|
Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Р.Абеуов |