Коммуналдық меншікті басқаруда 2024 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

Ақтоғай ауданы бойынша 2024 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 35 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде:

  • 28 – мемлекеттік мекеме
  • 2 – коммуналдық мемлекеттік мекеме (орталықтандырылған кітапхана, жастар орталығы)
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (мәдени бос уақыт өткізу орталығы)
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (Ақ қайың)
  • 3 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік. (Ақтоғай-Су, Ақтоғай –Энерго, Тоқырауын Су Жылу).

2023 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 7275, баланстық құны – 2 млрд 241 млн 762 мың теңгені құрайды.

Коммуналдық меншікті басқару бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының  72-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес  аудандағы қызметтік ғимараттары жоқ мемлекеттік мекемелермен 2024 жылға 18 мемлекеттік мүлікпен өтеусіз пайдалану шарттарына отырылды.

         2024 жылы аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жеке және заңды тұлғаларға жалға беру бойынша 5 келісім-шарт жасалынып, 457,3 мың теңге түсім түсті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі  ГАЗ 31105-411 автокөлігі электрондық аукцион арқылы 96,6 мың теңгеге сатылды. Сонымен қатар, «Қусақ ауылдық округ әкімі аппараты» ММ-нің теңгеріміндегі LADA 21214 автокөлігі 607,4 мың теңгеге, «Сарытерек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің теңгеріміндегі LADA 21214 автокөлігі 1848,5 мың  теңгеге, барлығы 2552,5 мың теңге бюджетке түсім түсті.  

Ақтоғай ауданы әкімдігінің 06.03.2024 жылғы №13/01қаулысымен  Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылдық округіндегі «Ақжарық» су қоймасы, Жидебай ауылдық округіндегі «Тескенсу» су қоймасы облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне берілді;

18.04.2024 жылғы №19/06 қаулысымен Қарағанды облысының коммуналдық мүлік деңгейінен 1 дана планшетті Ақтоғай ауданының коммуналдық мүлік деңгейіне алу туралы өтініш берілді;

06.05.2024 жылғы №23/02 қаулысымен «Ақтоғай-Су» ЖШС-нің теңгеріміне жүк тиегіш эксковатор (BULL HD100) берілді.

22.08.2024 жылғы №43/02 қаулысымен Ақтоғай ауылы, А.Құнанбаев көшесі, 5А мекен жайындағы ғимарат «Ақтоғай ауылы әкімі аппараты» ММ-нің теңгеріміне;

26.09.2024 жылғы №52/02 қаулысымен Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1 мекен жайындағы ғимарат «Ақтоғай ауылы әкімі аппараты» ММ-нің теңгеріміне берілді.

2023 жылы және 2024 жылдың 1-2 тоқсандарында  коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде  04.01.2024 жылы, 04.04.2024 жылы, 16.07.2024 жылы  аудан  әкімінің және бөлімнің  ресми  интернет-ресурсына  орналастырылды.

 

 

         «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Дата публикации
07 октября 2024