Ақтоғай ауданында 2024 жылдың ІІІ тоқсанда мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы

2024 жылға аудан бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға  мемлекеттік сатып алудың веб-порталына 4 млрд 846 млн 118 мың  теңгеге жылдық жоспар орналастырылып, 3 млрд 957 млн 162 мың теңгеге 1320  келісім шартқа отырды. Қалыптасқан шартты үнем 294 млн 502 мың теңге. 

Оның ішінде:

Бір көзден  тікелей  шарт жасасу арқылы 206  мемлекеттік сатып алу 337 млн 129 мың  теңгеге жоспарланып (ақпараттық есептеу орталығы, коммуналдық қызметтері т.с.с), 316 млн 184 мың теңгеге 170  келісім шартқа отырды;

Баға ұсыныстарын  сұрату  тәсілі арқылы  1862 мемлекеттік сатып алулар 833 млн 595 мың  теңгеге жоспарланып, 505 млн 490 мың теңгеге 1023  келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 77 млн 319 мың теңге;

Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс  6 мемлекеттік сатып алу (ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жастар ресурстық орталығы) 27 млн 667 мың  теңгеге жоспарланып, 27 млн 667 мың  теңгеге   6 сатып алу жарияланды, 6 сатып алу бойынша 26 млн 691 мың теңгеге келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 975 мың теңге.

Негіздемелік келісім бойынша (байланыс қызметі, интернет, жанар-жағар май сатып алу) 68  мемлекеттік сатып алулар 33 млн 435 мың теңгеге жоспарланып, 32 млн 978 мың  теңгеге 68  келісім шартқа отырды;

Электрондық дүкен арқылы  32  мемлекеттік сатып алу 5 млн 676 мың теңгеге жоспарланып, 5 млн 024 мың  теңгеге 23  келісім шартқа отырды;

Тұрғын үй сатып алу бойынша (құрылыс бөлімі) 36 млн 800 мың теңгеге 2 тұрғын үй сатып алу жоспарланып, 29.08.2024 жылы жарияланды, ашылу күні 28.09.2024 жыл. Өтінім түспегендіктен өтепеген деп танылып, 01.10.2024 жылы қайта жарияланды, ашылу күні 08.10.2024 жыл. 

Конкурстар  бойынша  (ашық, біліктілікті  алдын-ала  анықтау, рейтинг-балдық жүйе  тәсілдері  арқылы)  39 мемлекеттік сатып алу (оның ішінде аудандық ББӘ бойынша 32 конкурс,  білім бөлімі бойынша 7 конкурс)  3 млрд 571 млн 816 мың   теңгеге жоспарланып,  барлығы 3 млрд 571 млн 816 мың   теңгеге 39   конкурс жарияланып, 3 млрд 070 млн 795 мың теңгеге 30 келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 216 млн 208 мың теңге.

             - Облыстық бірыңғай ұйымдастырушы (Қарағанды облысының мемлекеттік  сатып алу басқармасы) арқылы 6  конкурс 2 млрд 227 млн 281 мың теңгеге жарияланып, 2 млрд 177 млн 142 мың теңгеге 6 келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 50 млн 139 мың теңге.

             - Ақтоғай ауылының су құбыры желілерін салу және техникалық қадағалау қызметі,   Сарышаған кентіндегі су айдау станциясын тазарту қондырғысымен кеңейту және техникалық қадағалау қызметі, Сарышаған кенті, 3 шағын ауданы, №4 үйді реконструкциялау (қалпына келтіру) құрылысын аяқтау жұмысы және техникалық  қадағалау қызметі.

             -Аудандық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы («Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ)  33 конкурс 1 млрд 344 млн 536 мың теңгеге жарияланып, 893 млн 653 мың теңгеге 24 келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 166 млн 069 мың теңге.

             Аудан көлемінде  іске асырылатын ірі жобалардың  мемлекеттік сатып алуларына тоқталатын болсақ:

             Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша - Қарабұлақ ауылдық округі, Нарманбет ауылы клуб үйі ғимаратын күрделі жөндеу жұмысын аяқтау, «Сарышаған мектеп-интернаты» КММ күрделі жөндеу жұмысы.

             Ағымдағы жөндеу жұмыстары - «Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ және «Ә.Ермеков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ағымдағы жөндеу, Сарышаған кентінің жылу қазандықтарын ағымдағы  жұмыстары, Нүркен ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты ағымдағы жөндеу (санитарлық торап), Кежек ауылдық округі әкімі аппаратының әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеу, Сарытерек ауылдық округі әкімдігінің иелігіндегі ғимаратты ағымдағы жөндеу.

             Жолдары жөндеу жұмыстары –Шашубай кентінің жолын орташа жөндеу, Сарышаған кентінің Ынтымақ көшесінің жолын орташа жөндеу, Ақтоғай -Шылым-Ақжарық, Ақтоғай-Ақтас бағытындағы  автожолдардағы су өткізгіш құбырларды ағымдағы жөндеу,  Нарманбет-Айыртас, Қусақ,Абай бағытындағы  автожолдардағы  су өткізгіш құбырларды ағымдағы жөндеу жұмыстары;

             Абаттандыру жұмыстары - Сарышаған кентінің Балқаш көшесіне көше шамдарын орнату, жағажайды абаттандыру, Ақтоғай ауылындағы электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары,  Қызыларай ауылдық округі. Сеңкібай көшесіне КТП мен көше жарығын орнату, Шабанбай би ауылдық округі Қасабай елді мекеніне 10 баған орнату, Ортадересін ауылдық округі балалар алаңын орнату жұмыстары, Шашубай кентіндегі Ғарышкерлер 2, Сейфуллин 1 үйлерінің аулаларын абаттандыру, Нүркен ауылдық округіндегі саябаққа 25 баған орнату жұмыстары іске асырылуда.

         Мемлекеттік сатып алу саласындағы  заңдылықтар  бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу бөлімнің негізгі міндеті болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына және  веб-порталына енгізілген  өзгерістер туралы  аудан әкімінің, экономика және қаржы бөлімнің ресми интернет ресурсында тоқсан сайын жарияланып отыр, сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімерлерінің мамандары мен  бухгалтерлері арасында  іске қосылған әлеуметтік желі (ватсап)  арқылы да түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Барлық конкурстық рәсімдер уақытылы жарияланып, келісім-шартқа отыру қадағалануда. Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысындағы талаптарды бұзу фактілері туралы хабарлама жасау үшін 2-15-92 сенім телефоны жұмыс жасайды.

 

 

  «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Дата публикации
07 октября 2024