Ауданның 2024 жылдың қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 99 427,8 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (58 155,6 млн.теңге) салыстырғанда 171%. Нақты көлем индексі 184%.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 6 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС, тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы және «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС құрайды. Есепті мерзімде аталған 6 кәсіпорынның өндіретін өнімі 83610,1 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 84,1%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ қолданыстағы бағамен 30899 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (16478,7 млн.теңге) 187,5% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 1754 кг немесе өткен жылмен (1320 кг) салыстырғанда 132,9%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 31,1%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 404,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (212,4 млн.теңге) 190,4%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 314,5 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (206,7 мың тонна) 152,2%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 0,4%;
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 142,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (89,2 млн.теңге) 160%, заттай түрде өндірілген балық 468 тонна 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (407 тонна) 115% Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 0,1%;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 8,5 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7,6 млн. теңге) 111,8%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 0,01%;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 46269,9 млн.теңгенің өнімі өндірілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (20478,4 млн. теңге) 225,9%, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 2298,1 мың тонна 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1219,7 мың тонна) 188,4%, құрамында алтыны бар концентраттар 51 мың тонна 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (23,3 мың тонна) 218,9%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 46,5%;
- «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС бойынша 5885,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді, өңделмеген тазартылмаған мыс көлемі 1600 тоннаға орындалды. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 5,9%;
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндіретін жалпы өнім көлемі – 15817,7 млн.теңге немесе 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 75,7% (20889,3 млн.теңге) құрады. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 15,9%;
Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 5021,4 млн.теңге, 2023 жылдың сәйкес мерзімімен (5561,9 млн.теңге) салыстырғанда 90,3%. Нақты көлем индексі 100,5%.
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 1064 тонна немесе (1143,2 тонна) 93,1%, сүт өндіру 7298,2 тонна немесе (6874,8 тонна) 6,2%, тауық жұмыртқасы 273,8 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (260,7 мың дана) 5% өсті.
2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы бойынша ірі қара 68097 бастан 72861 басқа немесе 7%, жылқы саны 44058 бастан 49669 басқа немесе 12,7%, құс саны 7864 бастан 9037 басқа немесе 14,9% өсті. Қой-ешкі 132922 бастан 128846 басқа немесе 3,1% азайды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25843,4 млн.теңге, 2023 жылдың сәйкес мерзімімен (11044,3 млн.теңге) салыстырғанда 234%. Нақты көлем индексі 221%.
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы 19357,2 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 74,9% (Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары);
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 1890 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 7,3% (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындары);
- Ақжарық ауылындағы ФАП құрылысы – 42,6 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 0,2%;
- «Казавтожол» Ұлттық компаниясы 4530 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 17,5% (құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары, Балқаш – Сарышаған бағытында 139 км, Балқаш-Ақсу-Аюлы (Бектау ата) бағытында 40 км жөнделуде);
- ауыл шаруашылығы 23,6 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 0,09% (3679 мың теңгеге асыл тұқымды малдар сатып алынған, 19638 мың теңгеге 1 трактор, 1 тиегіш және 5 қондырғылар сатып алынған).
|
2024 жылдың жоспары – 47800 млн.теңге - «Алтыналмас АК» АҚ-ның машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындар – 5 млрд.теңге; - «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 15 млрд.теңге; - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы – 23 млрд.теңге; - ауылшаруашылығы бойынша – 0,6 млрд.теңге (техника – 245 млн.теңге, асыл тұқымды малдар – 200 млн.теңге, инвест.жобалар – 155 млн.теңге); - өзге де қызметтер түрлерінен – 4,2 млрд.теңге (Жалаңаш ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы 425,5 млн.теңге, ветпункт құрылысы – 126,8 млн.теңге, Үшарал ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы 312,6 млн.теңге, Қуаныш ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы 458,9 млн.теңге, Нарманбет ауылының клуб үйінің күрделі жөндеу жұмысы 80 млн.теңге, Сарышаған кентіндегі №4 тұрғын үйді жаңғырту жұмысы 233,3 млн.теңге, Шашубай кентіндегі 100 пәтерлі 5 қабат тұрғын үйді қалпына 753,7 млн.теңге, жаңа құрылыстағы 20 тұрғын үйді сатып алу 268,6 млн.теңге, Ақтоғай ауылындағы қолданыстағы стадионды қалпына келтіру 105 млн.теңге, Сарышаған кентінде 150 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 1001,2 млн.теңге, Шашубай кентінде жылдам салынатын әмбебап спорт залы 200 млн.тенге, Ақжарық ауылындағы ФАП құрылысы 208,6 млн.теңге, медициналық құрылғылар сатып алу 47,6 млн.теңге)
|
Шағын және орта бизнес.
Белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1627 субъект, бұл 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1832 субъект) 88,8%.
Төмендеу себебі: жалпы декларацияның енгізілуіне байланысты.
Бөлшек сауда айналым көлемі 1610,5 млн.теңге немесе 2023 жылдың сәйкес мерзімімен (1258,5 млн.теңге) салыстырғанда 128%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 23436,2 млн.теңге немесе 2023 жылдың сәйкес мерзімімен (7350,8 млн.теңге) салыстырғанда 3,2 есе. Нақты көлем индексі 300,2%.
Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 611 шаршы метр, 2023 жылдың сәйкес мерзімімен (393 шаршы метр) салыстырғанда 155,5%.
Қаржы саласы
Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 1714,3 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 112,1% құрады. 1409,3 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 121,6%.
Әлеуметтік сала
Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 386 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (367 адам) 105,2%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 281 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (300 адам) 93,7%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 111 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (131 адам) 84,7%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 61 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (110 адам) 55,5%.
Денсаулық саласы
2024 жылдың қаңтар-мамыр айындағы 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 10,22 немесе 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,58) 55%.
2024 жылдың қаңтар-мамыр айындағы 1000 адамға шаққандағы өлім коэффициенті 3,61 немесе 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (6,50) 55,5%.
2024 жылдың қаңтар-мамыр айында нәресте өлімі тіркелмеген.
Білім
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 525 адам өткен жылмен салыстырғанда (590 адам) 89%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 484 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (527 адам) 91,8%.
Оқушылар саны 2909, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша 2024 жылдың мамыр айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 21 немесе 44,7% (47 қылмыс) құрады.
Ауыр қылмыстан 5 жағдай тіркелген өткен жылмен салыстырғанда 45,5% (11 қылмыс), ашылуы 50% (2023 жылы 57,1%).