Коммуналдық меншікті басқаруда 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы

Ақтоғай ауданы бойынша 2023 жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 35 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде:

  • 28 – мемлекеттік мекеме
  • 2 – коммуналдық мемлекеттік мекеме (орталықтандырылған кітапхана, жастар орталығы)
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (мәдени бос уақыт өткізу орталығы)
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (Ақ қайың)
  • 3 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік. (Ақтоғай-Су, Ақтоғай –Энерго, Тоқырауын Су Жылу).

2023 жылдың басында 37 мекеме болды. 1 мекеме (жұмыспен қамту орталығы) облыстық коммуналдық меншікке берілді, 1 мекеме («Торанғалық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ) таратылды.   

2022 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 6060, баланстық құны – 1 млрд 096 млн 111 мың теңгені құрайды.

Коммуналдық меншікті басқару бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының  72-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес  аудандағы қызметтік ғимараттары жоқ мемлекеттік мекемелермен 2023 жылға 17 мемлекеттік мүлікпен өтеусіз пайдалану шарттарына отырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес «Жидебай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Lada 21705 автокөлігі  электрондық аукцион арқылы сауда саттыққа шығарылып, бағаны көтеру әдісімен 2 млн 551 мың теңгеге, «Шабанбай би ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Lada 21214 автокөлігі 660,4 мың теңгеге, «Ақтоғай-Су» ЖШС-нің теңгеріміндегі Ваз 21214 автокөлігі 340,6 мың теңгеге, «Ақтоғай ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теңгеріміндегі Lada 21214-186 автокөлігі 743,2 мың теңгеге сатылды.

Аудан әкімдігінің 10.03.2023 жылғы №15/01 қаулысымен «Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі УАЗ 236321-175 маркалы автокөлігі «Жидебай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің;

31.03.2023 жылғы №19/03 қаулысымен «Сарышаған кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің  теңгеріміндегі Lada 21705 055-31 маркалы автокөлігі «Ақтоғай Энерго» ЖШС-нің теңгеріміне жарғылық капиталын ұлғайту үшін;

12.04.2023 жылғы №21/01 қаулысымен «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Skoda Octavia A5 маркалы автокөлігі Ақтоғай ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің;

02.05.2023 жылғы №25/02 қаулысымен «Тасарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Lada Granta маркалы автокөлігі «Ақтоғай Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгеріміне жарғылық капиталын ұлғайту үшін;

09.06.2023 жылғы №26/05 қаулысымен «Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Hyundai Sonata маркалы автокөлігі «Ақтоғай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің;

16.06.2023 жылғы №27/01 қаулысымен «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту орталығы» КМК мүліктері облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне;

21.06.2023 жылғы №28/01 қаулысымен «Ақтоғай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Nissan Terrano маркалы автокөлігі  «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне;

21.07.2023 жылғы №34/09 қаулысымен Ақтоғай ауылындағы 6 тұрғын үй «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне;

14.08.2023 жылғы №36/02 қаулысымен «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Ваз 21214 автокөлігі Ақтоғай Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгеріміне жарғылық капиталын ұлғайту үшін;

14.08.2023 жылғы №36/03 қаулысымен Ақтоғай ауданының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік мүлікті Балқаш қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы;

12.09.2023 жылғы №41/02 қаулысымен «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Lada 21214 автокөлігі Ақтоғай Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгеріміне жарғылық капиталын ұлғайту үшін теңгеріміне берілді;

20.09.2023 жылғы №42/01 қаулысымен Кежек ауылдық округі, Ақши ауылындағы су тарту құрылыстары мен су құбыры желісі ауданның  коммуналдық меншігіне алынды;

27.10.2023 жылғы №53/02 қаулсымен «Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі күрес кілемі 10*10 метр (орамалы төсеніштерімен) «Тасарал ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне;

06.11.2023 жылғы №57/02 қаулысымен «Торанғалық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі 13 дана негізгі құралдары «Ақтоғай ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне;

14.11.2023 жылғы №59/01 қаулысымен Шашубай кенті, Ғарышкер көшесі, 4-үй мекен жайындағы мүліктік кешен «Шашубай кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.

Қарағанды облысы әкімдігінің 17.10.2023 жылғы №76/01 қаулысымен Ақтоғай ауылы, Жидебай батыр көшесі, 25Б мекен жайындағы мүліктік кешен «Қарағанды облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.

2022 жылы және 2023 жылдың І жартыжылдығында коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде 13.01.2023  жылы, 05.04.2023 жылы, 28.07.2023 жылы, 06.10.2023 жылы аудан  әкімінің және бөлімнің  ресми  интернет-ресурсына  орналастырылды. Сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне бейнеконференция режимінде (ZOOM қосымшасы) арқылы 14.11.2023 жылы семинар-кеңес өткізілді.

Коммуналдық меншікті басқаруда 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Дата публикации
09 января 2024