Ақтоғай ауданында 2023 жылы мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы

Ақтоғай ауданында 2023 жылы мемлекеттік

сатып  алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы

 

2023 жылға аудан бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға  мемлекеттік сатып алудың веб-порталына 5 млрд 532 млн 029 мың  теңгеге жылдық жоспар орналастырылып, бүгінгі күнге 4 млрд 209 млн 157 мың теңгеге 1972 келісім шартқа отырды. Қалыптасқан шартты үнем 622 млн 079 мың теңге. 

Оның ішінде:

Бір көзден  тікелей  шарт жасасу арқылы 297 мемлекеттік сатып алу 387 млн 810 мың теңгеге (ақпараттық есептеу орталығы, коммуналдық қызметтері, «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ  т.с.с) жоспарланып, 344 млн 905 мың теңгеге 262 келісім шартқа отырды;

Баға ұсыныстарын  сұрату  тәсілі арқылы 2420 мемлекеттік сатып алулар 1 млрд 419 млн 867 мың  теңгеге жоспарланып, 982 млн 064 мың  теңгеге 1512 келісім шартқа отырды (өткізілмеген мемлекеттік сатып алуларды бір көзден  сатып алулары қосқанда);

Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс  5 мемлекеттік сатып алу (ішкі саясат, жұмыспен қамту бөлімдері, жастар ресурстық орталығы) 23 млн 378 мың теңгеге жоспарланып, 23 млн 378 мың теңгеге 5 сатып алу жарияланып, 17 млн 922 мың  теңгеге келісім 4  келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 73 мың теңге;

Негіздемелік келісім бойынша (байланыс қызметі, интернет, жанар-жағар май сатып алу) 70 мемлекеттік сатып алулар 19 млн 817 мың  теңгеге жоспарланып, 16 млн 626 мың теңгеге 66  келісім шартқа отырды;

Тұрғын үй сатып алу 25  мемлекеттік сатып алу 240 млн 930 мың теңгеге жоспарланып, 25  үйге 240 млн 930 мың жарияланып, 239 млн 927 мың  теңгеге 25    келісім шартқа отырды. Қалыптасқан шартты үнем 1 млн 003 мың теңге.

Электрондық дүкен арқылы  83  мемлекеттік сатып алу 15 млн 959 мың  теңгеге жоспарланып, 14 млн 259 мың теңгеге 64  келісім шартқа отырды;

Конкурстар  бойынша  (ашық, біліктілікті  алдын-ала  анықтау, рейтинг-балдық жүйе  тәсілдері  арқылы) 60  мемлекеттік сатып алу (оның ішінде аудандық ББӘ бойынша 52 конкурс, білім бөлімі бойынша 8 конкурс) 3 млрд 424 млн 268 мың  теңгеге жоспарланып, барлығы 3 млрд 424 млн 268 мын теңгеге 60 конкурс жарияланып, 2 млрд 593 млн 454 мың теңгеге 39  келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 400 млн 444 мың теңге.

Аудан көлемінде  іске асырылған ірі жобалардың  мемлекеттік сатып алуларына тоқталатын болсақ:

Құрылыс жұмыстары - Сарышаған кентінде 150 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу – 841 млн 836 мың теңгеге  Жидебай ауылдық округінің Жалаңаш ауылына су құбыры желілерін салу - 383 млн 589 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.

Орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша -  Шашубай кенті әкімдігінің ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмысы – 56 млн 250 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі А.Құнанбаев көшесіндегі №2 көп қабатты тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу жұмысы – 9 млн 449 мың теңгеге,  Шашубай кентіндегі Ғарышкерлер көшесіндегі №2 көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу – 6 млн 324 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі Ғарышкерлер көшесіндегі №2 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін ағымдағы жөндеу – 11 млн 374 мың теңгеге, Шашубай кентінде Сейфуллин көшесіндегі №2 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін ағымдағы жөндеу – 13 млн 803 мың теңгеге, Шашубай кентінде Сейфуллин көшесіндегі №1 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін ағымдағы жөндеу – 11 млн 082 мың теңгеге, "К.Байсейітова атындағы ЖОМ базасындағы Тірек мектебі" КММ-не ағымдағы жөндеу жұмыстары – 30 млн 678 мың теңгеге, жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеу («Ж.Ақбай атындағы ЖББОМ»,  «Абай орта мектебі»,  «С.Ибраев атындағы орта мектеп» КММ қазандығын шығару) – 53 млн 033 мың теңгеге,  Сарышаған кенті, Абай көшесі, №14 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу - 11 млн 920 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Ынтымақ көшесіндегі үйлерді қоршау - 20 млн 446 мың теңгеге, Сарышаған кенті, Абай көшесі, №10  көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу - 11 млн 920 мың теңгеге, Сарышаған кенті, Мектеп көшесі, №17 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу - 11 млн 920 мың теңгеге, Сарышаған кенті әкім аппаратының ғимаратының сыртын ағымдағы  жөндеу – 7 млн 296 мың теңгеге, Сарышаған кенті, Абай көшесі, №22 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу – 11 млн 595 мың теңгеге, Ақтоғай ауылы әкімі ғимаратын ағымдағы жөндеу – 1 млн 838 мың теңгеге, Шабанбай би әкімдігінің екі қабатты ғимаратының қасбетін ағымдағы жөндеу - 9 млн 074 мың теңгеге,   Ортадересін ауылдық клубын ағымдағы жөндеу – 4 млн 325 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі әкім аппаратының жылу қазандығын қоршау – 5 млн 333 мың теңгеге, Абай ауылдық округі әкімдігінің ғимаратын қоршау жұмыстары – 7 млн 590 мың теңгеге, Қусақ ауылдық округі әкімдігі ғимаратының қоршауларын орнатуға - 7 млн 287 мың теңгеге, Ортадересін әкімдігі ғимаратына қоршаулар орнату – 12 млн 412 мың теңге, Ортадересін ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының 2 қабатын ағымдағы жөндеу – 37 млн 075 мың теңге,  Айыртас ауылдық округі, 2 қабатты 8 пәтерлі тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары – 39 млн 969 мың теңге, Шашубай кенті Жағалау көшесіндегі аула аумағын абаттандыру жұмысы – 46 млн 335 мың теңге, Шашубай кенті Жағалау, Ақбергенұлы, Ихамбаев көшелеріндегі жасыл желектерді суару құбырларын жөндеу жұмыстары – 44 млн 340 мың теңге, «Балықты Бұлақ» демалыс алаңының қоршуаларын ағымдағы жөндеу және абаттандыру жұмыстары – 14 млн 269 мың теңгеге, Нүркен ауылдық округі әкімшілік ғимаратына шатыр орнату жұмысы – 10 млн 019 мың теңгеге, Нүркен ауылдық округі әкімдігі ғимаратының қасбетін қаптау – 9 млн 779 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.

Абаттандыру  жұмыстары  бойынша – Шабанбай би ауылдық округі, Шорин Шәріп көшесіне 25 дана көше шамдарын және 250кВа КТП орнату – 17 млн 110 мың теңгеге, Шабанбай би әкімдігі ғимараты алаңын абаттандыру – 5 млн 270 мың теңгеге, Қусақ ауылдық округі әкімдігі ғимаратының ауласын абаттандыруға - 5 млн 580 мың теңгеге,  Қусақ ауылдық округі, Елді мекен көшесіне 20 дана көше шамдарын және КТП орнату - 14 млн 440 мың теңгеге, Сарышаған кентінде баскетбол-волейбол алаңын орнату бойынша жұмыстар - 12 млн 714 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Энергетик көшесі бойынша көше жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары - 9 млн 730 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Теміржол көшесінде көше жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары – 19 млн 938 теңгеге, Сарышаған кентінің Теміржол көшесіндегі скверді абаттандыру жұмысы – 36 млн 777 мың теңгеге,  Шашубай кентінің С.Сейфуллин №1, Ғарышкерлер №2 көп қабатты тұрғын үйлердің аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыс – 77 млн 349 мың теңгеге, Ақтоғай ауылында электр беру желілерін ағымдағы жөндеу және КТП-0,4 жабдығын ауыстыру – 4 млн 200 мың теңгеге, «Алаш алаңы» қоршуаларын ағымдағы жөндеу, орындықтар мен қоқыс төгетін темір жәшіктерді сырлау жұмыстары – 2 млн 656 мың теңгеге, "Менің жүрегім Ақтоғай" конструкциясын ағымдағы жөндеу жұмыстары – 1 млн 964 мың теңгеге, Ақтоғай ауылындағы темірбетонды қоршауларды сырлау жұмыстары – 2 млн 999 мың теңгеге, Ақтоғай ауылындағы қаңғыбас иттерді ұстайтын қоршуалар жасату – 1 млн 374 мың теңгеге, Ақтоғай ауылындағы көкпар, ат спортының алаңдарын жаңадан жасату жұмыстары – 24 млн 367 мың теңгеге,  Сарытерек ауылдық округіне хоккей кортын орнату – 15 млн 821 мың теңгеге, Сарытерек ауылының Ақшкөл көшесіне 18 баған орнату – 4 млн 951 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі Достық, Тәуелсіздік, Қоңырат, Бейбітшілік көшелері  және Сауле ауылындағы су айдау станциясына бейнебақылау орнату жұмыстары – 7 млн 521 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылы, Достық көшесіне 30 баған КТП-мен орнату – 16 млн 625 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылы, Тәуелсіздік  көшесіне 10 баған орнату – 3 млн 392 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі, Ақтоғай ауданының 80 жылдығы көшесіне 10 баған орнату – 3 млн 392 мың теңгеге, Сәуле ауылына балалар ойын алаңын орнату – 10 млн 336 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылының Қоңырат көшесіне 18 дана көше шамдары мен КТПН орнатуға – 10 млн 268 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылына 164 дана аншлагтар орнатуға – 3 млн 021 мың теңгеге,  Қусақ ауылдық округі, Елді мекен көшесіне 20 дана көше шамдарын және КТП орнату - 14 млн 440 мың теңгеге, Қошқар ауылына балалар ойын алаңын орнату – 10 млн 336 мың теңгеге, Кежек ауылдық округі, Ақши ауылына балалар ойын алаңын орнату  - 10 млн 474 мың теңгеге, Кежек ауылдық округі, Ақши ауылы, Сарыарқа көшесіне 20 дана көше шамын орнатуға – 3 млн 642 мың теңгеге, Қараменде би ауылдық округі, Ақтас ауылына балалар ойын алаңын орнату – 10 млн 336 мың теңгеге, Қуаныш ауылына балалар ойын алаңын орнату – 10 млн 336 мың теңгеге, Айыртас ауылдық округі, Достық және Орталық көшелеріне 20 дала шамдары мен КТП орнату – 11 млн 946 мың теңгеге, Қарабұлақ ауылдық округі, Нарманбет ауылының көше көше жарықтарын ағымдағы жөндеу және 20 дана көше жарықтарын орнатуға – 10 млн 207 мың теңге, Тасарал ауылы Ағыбай батыр көшесіне 14 дана көше жарығын орнату – 5 млн 115 мың теңгеге, Ақтоғай ауылының алаңын абаттандыру және ту тұғыр орнату-62 млн 264 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.

Жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары бойынша – «Сарышаған мектеп-интернаты» КММ күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу – 6 млн 905 мың теңгеге жарияланып, жеңімпазбен келісім шартқа отырылды.

Коммуналдық сала және жолдар бойынша - автомобиль жолдарын күтіп ұстау (Бектау Ата, Тасарал,   Нарманбет-Айыртас, Қусақ ауылына кіре берс жол, Абай, Карасу, Ақтоғай-Ақжарық, Ақтоғай-Ақтас, Ақши ауылына кіре беріс жол, Балхаш-Саяқ, с.Орта Дересін ауылына кіре беріс жол) – 88 млн 104 мың теңгеге, Ақтоғай ауылының автомобиль жолдарын көшелерін және тротуарларын қардан тазарту жұмыстары 16 млн 426 мың теңгеге, Сарытерек ауылының Ақшкөл көшесіне көтерме жол жасау – 8 млн 036 мың теңгеге, Нарманбет-Айыртас автомобиль жолын орташа жөндеу – 189 млн 286 мың теңге, Ақтоғай-Шылым-Ақжарық автожолының 11 жерінен су өткізу құбырларын жөндеу – 99 млн 358 мың теңге, Кежек ауылына кіреберіс жолының 3 жерінен су өткізу құбырларын жөндеу – 40 млн 740 мың теңге, Ақтоғай ауылының Еркін Ел көшесіндегі автомобиль жолын орташа жөндеу – 18 млн 698 мың теңге, Нарманбет ауылының ауылішілік жолын орташа жөндеу – 55 млн 121 мың теңгеге, «Ақтоғай-Шылым-Ақжарық 43-53 шақырым учаскесі аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысы - 485 млн 113 мың теңгеге   жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.

Сонымен қатар, бірқатар басқа да  құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының техникалық қадағалау қызметтері, күзет қызметтері, компьютер, ноутбук сатып алу, бейнебақылау орнату жұмыстары бойынша жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.

         Мемлекеттік сатып алу саласындағы  заңдылықтар  бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу бөлімнің негізгі міндеті болып табылады.

         10 ақпан 2023 жылы бөлімнің ұйымдастыруымен «Эрудит Астана» оқыту орталығы мамандарының қатысуымен «2023 жылы мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына енгізілген өзгерістер» тақырыбында Ақтоғай ауылында семинар өткізіліп, 32 қатысушыға (ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік сатып алумен айналысатын мамандар) арнайы сертификаттар берілді.

Жыл басынан бері бөлімнің ұйымдастыруымен 2023 жылы мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша 4 рет тікелей эфир, 3 рет бейнеконференция режимінде семинар кеңестер өткізілді.

Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына және  веб-порталына енгізілген  өзгерістер туралы  аудан әкімінің, экономика және қаржы бөлімнің ресми интернет ресурсында тоқсан сайын,  «Agtogai ajary» Ақтоғай аудандық газетіне аудандағы мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде 3 рет мақалалар жарияланды. Бюджеттік бағдарлама әкімерлерінің мамандары мен  бухгалтерлері арасында  іске қосылған әлеуметтік желі (ватсап)  арқылы да түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Барлық конкурстық рәсімдер уақытылы жарияланып, келісім-шартқа отыру қадағалануда. Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысындағы талаптарды бұзу фактілері туралы хабарлама жасау үшін 2-15-92 сенім телефоны жұмыс жасайды.

 

«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Ақтоғай ауданында 2023 жылы мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы
Дата публикации
09 января 2024