Ауданның 2023 жылдың қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 156566,8 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (165166,9 млн.теңге) салыстырғанда 94,8%. Нақты көлем индексі 69,5%.
|
Оның ішінде: - тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 63482,8 млн. теңге: металл кендерін өндіру (темірден қоспағанда, кендерді өндіру) 57029,0 млн.тенге; өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 3044,2 млн.теңге; кен өндіру өнеркәсібінде саласындағы кызметтер көрсету 3409,6 млн.теңге. - өңдеу өнеркәсібі 92984,1 млн.теңге: тамақ өнімдерін өндіру 204,4 млн.теңге (балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу 196,3 млн.теңге, нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру 8,2 млн.теңге; жеңіл өнеркәсіп 2,2 млн.теңге (тоқыма бұйымдарын өндіру); полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту 22 мың теңге; резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 737 мың теңге. металлургия өндірісі 92310 млн.теңге (негізгі асыл және түсті металдар өндіру); машина жасау (машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату) 466,7 млн.теңге; - электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 48 млн.теңге: электр энергиясын өндіру, беру және тарату 13,8 млн.теңге; бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету 34,1 млн.теңге. - сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 51,9 млн.теңге: суды жинау, өңдеу және тарату 46,2 млн.теңге; ақаба суларды жинау және өңдеу 3,9 млн.теңге; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 1,9 млн.теңге.
|
Төмендеу себебі:
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 6 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС, тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы және «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС құрайды. Есепті мерзімде аталған 6 кәсіпорынның өндірген өнімі 121154,1 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 77,4%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ қолданыстағы бағамен 57029 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (50444 млн.теңге) 113,1% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 3091 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (4057 кг) салыстырғанда 76,2%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 36,4%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 659 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (652,1 млн.теңге) 101,1%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 555 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (584,1 мың тонна) 95%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 0,4%;
Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-нан доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 196,3 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (180,2 млн.теңге) 108,9%, заттай түрде өндірілген балық 646,8 тонна 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (560 тонна) 115,5%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 0,1%;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 13,8 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,5 млн. теңге) 145,3%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 0,01%;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 60379 млн.теңгенің өнімі өндіріледі, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (67220,5 млн. теңге) 89,8%. заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 5107,7 мың тонна 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4539,6 мың тонна) 112,5%, құрамында алтыны бар концентраттар 54 мың тонна 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (158 мың тонна) 50%. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 38,6%;
- «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС бойынша 2877 млн.теңгенің өнімі өндірілді, өңделмеген тазартылмаған мыс көлемі 1489 тоннаға орындалды. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 1,8%.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндіретін жалпы өнім көлемі – 35412,7 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 75,9% (46660,6 млн.теңге) құрады. Жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 22,6%.
|
|
Қаңтар – қараша 2022 жыл, млн.теңге |
Қаңтар – қараша 2023 жыл, млн.теңге |
|
«Тасарал Тұз» ЖШС |
15978 |
25890 |
|
«Балқаш» ЖШС |
1617 |
3409 |
|
Наубайханалар |
6,6 |
8,2 |
Төмендеу себебі: Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату қызметінің (56,4%) және ақаба суларды жинау және өңдеу қызметінің (79,2%) төмендеуіне байланысты.
Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 33421,4 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (26509,2 млн.теңге) салыстырғанда 126,1%. Нақты көлем индексі 102,1%.
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 9444,6 тонна, 2022 жылмен салыстырғанда (9069,1 тонна) 4,1%, сүт өндіру 34789 тонна немесе (33123,8) 5%, тауық жұмыртқасы 2399 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2342,1 мың дана) 2,4% өсті.
2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы бойынша ірі қара 65149 бастан 68594 басқа немесе 5,3%, қой-ешкі 123568 бастан 126650 басқа немесе 2,5%, жылқы саны 38466 бастан 42527 басқа немесе 10,6%, құс саны 19825 бастан 21348 басқа немесе 7,7% өсті.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 47464,3 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (17463,4 млн.теңге) салыстырғанда 2,7 есе. Нақты көлем индексі 257,1%.
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 4433 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 9,3% (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындары) (2023 жылдың қаңтар – қазан айында 3534 млн.теңге);
- «Балқаш Сарышаған» ЖШС 57,1 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 0,1% (пайдалы қазбалар қорларын барлауға және бағалау шығындары) (2023 жылдың қаңтар – қазан айында 57,1 млн.теңге);
- «Казавтожол» Ұлттық компаниясы 6117,2 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 12,9% (құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары, Балқаш – Сарышаған бағытында 139 км, Балқаш-Ақсу-Аюлы (Бектау ата) бағытында 40 км жөнделуде) (2023 жылдың қаңтар – қазан айында 6117,2 млн.теңге);
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы 36569,4 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 77,1% (Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары) (2023 жылдың қаңтар – қазан айында 30100,3 млн.теңге);
- ауыл шаруашылығы – 287,6 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 0,6% 120,8 млн.теңгеге 379 бас асыл тұқымды мал сатып алынған, 166,8 млн.теңгеге 24 техника сатып алынған (2023 жылдың қаңтар – қазан айында 287,6 млн.теңге).
|
2023 жылдың жоспары 21 500 млн.тенге: - «Алтыналмас АК» АҚ (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындар) – 9000 млн.теңге; - «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 7900 млн.теңге; - «Балқаш Сарышаған» ЖШС 59,2 млн.теңге; - «Balqash Resources»ЖШС – 1597,1 млн.тенге; - ауылшаруашылығы бойынша – 739,1 млн.теңге Оның ішінде: асыл тұқымды мал сатып алу 220 млн.тенге, ауылшаруашылығы техникаларын сатып алу 400 млн.теңге, Сарытерек ауылында заманауи неміс технологиясы бойынша бине сүтін өңдеп өндіру цехын ашу «SAQ NS» шаруа қожалығы 82 млн.теңге, «Global Beef Products» ЖШС асыл тұқымды мал сатып алуға 37,1 млн.теңге. - өзге де қызметтер түрлерінен – 2 204 млн.теңге Оның ішінде: Кежек ауылының су желісінің құрылысы 185,3 млн.теңге, Қуаныш ауылының су желісінің құрылысы 458,9 млн.теңге, Үшарал ауылының су желісінің құрылысы 312,6 млн.теңге, Нарманбет ауылының клуб үйінің күрделі жөндеу жұмысы 88,8 млн.теңге, Сарышаған кентіндегі №4 тұрғын үйді жаңғырту жұмысы 233,3 млн.теңге, Шашубай кентіндегі 100 пәтерлі 5 қабат тұрғын үйді қалпына келтіру 753,7 млн.теңге, жаңа құрылыстағы 10 тұрғын үй сатып алу 96 млн.теңге, қызметтік автокөлік бойынша 70,6 млн.теңге, ноутбек және компьютерлер сатып алу 5,4 млн.теңге. |
Шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1720 субъект, бұл 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1656 субъект) 103,9%.
Бөлшек сауда айналым көлемі 3304,8 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (2758,5 млн.теңге) салыстырғанда 119,8%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 46952,9 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (14373,9 млн.тенге) салыстырғанда 3,3 есе. Нақты көлем индексі 304,6%.
Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 1370 шаршы метр. 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (2585 ш.м) салыстырғанда 53%.
Қаржы саласы
Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 3225,9 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 89,1% құрады. 2732 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 118,1%.
Әлеуметтік сала
Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 266 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (295 адам) 90,2%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 672 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (457 адам) 147%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 176 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (227 адам) 77,5%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 132 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (194 адам) 68%.
Денсаулық саласы
2023 жылдың қаңтар-қазан айындағы 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,39 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (19,95) 97,2%.
2023 жылдың қаңтар-қазан айындағы 1000 адамға шаққандағы өлім коэффициенті 7,97 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,12) 87,4%.
Нәресте өлімі коэффициенті 6 жағдай 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында тіркелмеген. Шашубай кентінен 1 нәресте өлімі тіркелген.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 525 адам өткен жылмен салыстырғанда (590 адам) 89%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 484 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (527 адам) 91,8%.
Оқушылар саны 2909, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша қаңтар-қараша айларының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 77 немесе 130,5% (59 қылмыс) құрады.
Ауыр қылмыстан 19 жағдай тіркелген өткен жылмен салыстырғанда 172,7% (11 қылмыс), ашылуы 60% (2022 жылы 67,7%).