Ауданның 2023 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 103899,6 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (126631,9 млн.теңге) салыстырғанда 82%. Нақты көлем индексі 58%.
Оның ішінде:
металл кендерін өндіру (темірден қоспағанда, кендерді өндіру) 38447 млн.тенге;
өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 1824,4 млн.теңге;
кен өндіру өнеркәсібінде саласындағы кызметтер көрсету 1922 млн.теңге.
тамақ өнімдерін өндіру 143,5 млн.теңге (балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу 137,6 млн.теңге, нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру 5,9 млн.теңге;
жеңіл өнеркәсіп 1,6 млн.теңге (тоқыма бұйымдарын өндіру);
полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту 16 мың теңге;
резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 536 мың теңге.
металлургия өндірісі 61206,9 млн.теңге (негізгі асыл және түсті металдар өндіру);
машина жасау (машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату) 271,5 млн.теңге;
электр энергиясын өндіру, беру және тарату 10,2 млн.теңге;
бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету 34,1 млн.теңге.
суды жинау, өңдеу және тарату 33,6 млн.теңге;
ақаба суларды жинау және өңдеу 2,8 млн.теңге;
қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 1,3 млн.теңге.
Төмендеу себебі:
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 76480,8 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 73,6%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 38446 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (37205 млн.теңге) 103,3% орындалды. Заттай түрде өндірген алтын көлемі 1970 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (3531 кг) салыстырғанда 55,8%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 444,4 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (428,6 млн.теңге) 103,7%. Заттай түрде өндірген доломит көлемі 316 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (397,8 мың тонна) 79,4%;
Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-нан доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 137,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (95 млн.теңге) 144,7%, заттай түрде өндіретін балық 506 тонна 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (470 тонна) 107,6%;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 10,2 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (8 млн. теңге) 127,5% ;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 37442,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 4500 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 45 мың тоннаға орындалады.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндіретін жалпы өнім көлемі – 27418,8 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 78,3% (35022 млн.теңге) құрады:
«Тасарал Тұз» ЖШС – 1922 млн.теңге;
«Балқаш» ЖШС – 1824,4 млн.теңге;
Наубайханалар – 5,9 млн.теңге.
Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-нан «Балқаш» ЖШС өткізетін доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.
Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 19784,8 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (15224,4 млн.теңге) салыстырғанда 130%. Нақты көлем индексі 102,7%.
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 5198,6 тонна, 2022 жылмен салыстырғанда (4965,5 тонна) 4,7%, сүт өндіру 25187,5 тонна немесе (23957) 5,1%, тауық жұмыртқасы 1694,1 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1658,4 мың дана) 2,2% өсті.
2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы бойынша ірі қара 72783 бастан 76592 басқа немесе 5,2%, қой-ешкі 144379 бастан 147900 басқа немесе 2,4%, жылқы саны 40919 бастан 44811 басқа немесе 9,5%, құс саны 21987 бастан 23537 басқа немесе 7% өсті.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 24641,3 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (12265,1 млн.теңге) салыстырғанда 2 есе. Нақты көлем индексі 191%.
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 2693 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 11,9% (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындары);
- «Балқаш Сарышаған» ЖШС 57,1 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 0,3% (пайдалы қазбалар қорларын барлауға және бағалау шығындары);
- «Казавтожол» Ұлттық компаниясы 6017,2 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 26,7% (құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары, Балқаш – Сарышаған бағытында 139 км, Балқаш-Ақсу-Аюлы (Бектау ата) бағытында 40 км жөнделуде);
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы 15586,4 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 59,8% (Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары)
- ауыл шаруашылығы – 287,6 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 1,3% 120,8 млн.теңгеге 379 бас асыл тұқымды мал сатып алынған, 166,8 млн.теңгеге 24 техника сатып алынған.
|
2023 жылдың жоспары 21 500 млн.тенге: - «Алтыналмас АК» АҚ (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындар) – 9000 млн.теңге; - «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 7900 млн.теңге; - «Балқаш Сарышаған» ЖШС 59,2 млн.теңге; - «Balqash Resources»ЖШС – 1597,1 млн.тенге; - ауылшаруашылығы бойынша – 739,1 млн.теңге Оның ішінде: асыл тұқымды мал сатып алу 220 млн.тенге, ауылшаруашылығы техникаларын сатып алу 400 млн.теңге, Сарытерек ауылында заманауи неміс технологиясы бойынша бине сүтін өңдеп өндіру цехын ашу «SAQ NS» шаруа қожалығы 82 млн.теңге, «Global Beef Products» ЖШС асыл тұқымды мал сатып алуға 37,1 млн.теңге. - өзге де қызметтер түрлерінен – 2 204 млн.теңге Оның ішінде: Кежек ауылының су желісінің құрылысы 185,3 млн.теңге, Қуаныш ауылының су желісінің құрылысы 458,9 млн.теңге, Үшарал ауылының су желісінің құрылысы 312,6 млн.теңге, Нарманбет ауылының клуб үйінің күрделі жөндеу жұмысы 88,8 млн.теңге, Сарышаған кентіндегі №4 тұрғын үйді жаңғырту жұмысы 233,3 млн.теңге, Шашубай кентіндегі 100 пәтерлі 5 қабат тұрғын үйді қалпына келтіру 753,7 млн.теңге, жаңа құрылыстағы 10 тұрғын үй сатып алу 96 млн.теңге, қызметтік автокөлік бойынша 70,6 млн.теңге, ноутбек және компьютерлер сатып алу 5,4 млн.теңге. |
Шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1764 субъект, бұл 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1561 субъект) 113%.
Бөлшек сауда айналым көлемі 2245,2 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (1879,5 млн.теңге) салыстырғанда 119,5%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 22866,1 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (9699,9 млн.тенге) салыстырғанда 237%. Нақты көлем индексі 222,1%.
Іске қосылатын тұрғын үйлер көлемі 672 шаршы метр. 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (2585 ш.м) салыстырғанда 36,8%.
Қаржы саласы
Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2328,1 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 83,8% құрады. 1937,1 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 120,2%.
Әлеуметтік сала
Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 348 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (400 адам) 87%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 274 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (248 адам) 110,5%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 168 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (220 адам) 76,4%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 118 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (187 адам) 63,1%.
Денсаулық саласы
2023 жылдың қаңтар-шілде айындағы 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,17 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (21,33) 89,9%.
2023 жылдың қаңтар-шілде айындағы 1000 адамға шаққандағы өлім коэффициенті 7,22 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,11) 79,3%.
Нәресте өлімі коэффициенті 2023 жылдың қаңтар-тамыз айында тіркелмеген.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 631 адам өткен жылмен салыстырғанда (644 адам) 98%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 490 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (477 адам) 102,7%.
Оқушылар саны 2908, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша қаңтар-тамыз айларының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 60 немесе 146,3% құрады.
Ауыр қылмыстан 18 жағдай тіркелген өткен жылмен салыстырғанда 3 есе (6), ашылуы 50% (2022 жылы 57,1%).