Ауданның 2023 жылдың қаңтар-шілде айындағы күтілетін әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

 

 

Ауданның 2023 жылдың қаңтар-шілде айындағы күтілетін әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

 

 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 90084,1 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (113158,5 млн.теңге) салыстырғанда 79,6%.  Нақты көлем индексі 54,4%.

Оның ішінде:

  • тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 37412,6 млн. теңге:

металл кендерін өндіру (темірден қоспағанда, кендерді өндіру) 34161,9 млн.тенге;

өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 1535,2 млн.теңге;

кен өндіру өнеркәсібінде саласындағы кызметтер көрсету 1715,4 млн.теңге.

  • өңдеу өнеркәсібі 52595,6 млн.теңге:

тамақ өнімдерін өндіру 130,5 млн.теңге (балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу 125,3 млн.теңге, нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру 5,2 млн.теңге;

жеңіл өнеркәсіп 1,4 млн.теңге (тоқыма бұйымдарын өндіру);

полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту 14 мың теңге;

резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 469 мың теңге.

металлургия өндірісі 52191,8 млн.теңге (негізгі асыл және түсті металдар өндіру);

машина жасау (машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату) 271,5 млн.теңге;

  • электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 42,9 млн.теңге:

электр энергиясын өндіру, беру және тарату 8,7 млн.теңге;

бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету 34,1 млн.теңге.

  • сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 33 млн.теңге:

суды жинау, өңдеу және тарату 29,3 млн.теңге;

ақаба суларды жинау және өңдеу 2,4 млн.теңге;

қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 1,2 млн.теңге.

Төмендеу себебі: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорны карьерлік жұмыстарды уақытша тоқтатқан, яғни қоймадағы сақталынған кендер өңдеуден өткізіліп нарыққа шығарылуда.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 64628,5  млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 71,7%. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен  34161 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (33392 млн.теңге) 102,3% орындалды. Заттай түрде өндірген алтын көлемі 1801 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен  (2764 кг) салыстырғанда 65,2%;

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша  360,6 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (371,8 млн.теңге) 97%. Заттай түрде өндірген доломит көлемі  258,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (326,8 мың тонна) 79,2%;

Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-нан доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 125,3  млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (92,4 млн.теңге)  135,6%, заттай түрде өндірген балық 438 тонна 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (330 тонна) 132,7%;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 9,1 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7,5 млн. теңге) 121,3% ;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 29972,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 3379,7 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 39 мың тоннаға орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндіретін жалпы өнім көлемі –  25455,6 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 84,2%  (30232,3 млн.теңге) құрады:

«Тасарал Тұз» ЖШС – 1535,2  млн.теңге;

«Балқаш» ЖШС – 1354,4 млн.теңге;

Наубайханалар – 5,2 млн.теңге.

Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-нан «Балқаш» ЖШС өткізетін доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.

 

Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 14925.9 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (11176,4 млн.теңге) салыстырғанда 133,5%. Нақты көлем индексі 103,1%.

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 4326,3 тонна, 2022 жылмен салыстырғанда (4144,5 тонна) 4,4%, сүт өндіру 21759,4 тонна немесе (20690,7) 5,2%, тауық жұмыртқасы 1361,9 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1333,8 мың дана)  2,1% өсті.

2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы бойынша ірі қара 74766 бастан 79010 басқа немесе 5,7%, қой-ешкі 146899 бастан 151985 басқа немесе 3,5%, жылқы саны 41095 бастан 45174 басқа немесе 9,9%,  құс саны 23288 бастан 24863 басқа немесе  6,8% өсті.

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 20017,1 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (10549,9 млн.теңге) салыстырғанда 189,7%. Нақты көлем индексі 180,7%.

- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 2356 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 11,8% (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындары);

- «Балқаш Сарышаған» ЖШС 57,1 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 0,3% (пайдалы қазбалар қорларын барлауға және бағалау шығындары);

- «Казавтожол» Ұлттық компаниясы 5517,2 млн.теңге  немесе жалпы көлемнен 27,5% (құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары, Балқаш – Сарышаған бағытында 139 км, Балқаш-Ақсу-Аюлы (Бектау ата) бағытында 40 км жөнделуде);

- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы 11799,2 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 59% (Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары)

- ауыл шаруашылығы – 287,6 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 1,4% 120,8 млн.теңгеге 379 бас асыл тұқымды мал сатып алынған, 166,8 млн.теңгеге 24 техника сатып алынған. 

 

2023 жылдың жоспары 21 700 млн.тенге:

-    «Алтыналмас АК» АҚ (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындар)  –  9,0 млрд.теңге;

-    «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 7,9  млрд.теңге;

- «Корпорация Ирказ Металл» ЖШС – 4,0  млрд.теңге;

- ауылшаруашылығы бойынша – 0,7 млрд.теңге (оның ішінде «Сүт-тауар фермасын ашу» жобасы Шайбеков А – 153 млн.тенге);

- өзге де қызметтер түрлерінен – 100 млн.теңге

 

 

 

Шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1843 субъект, бұл 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1548 субъект)  119,1%.

 

Бөлшек сауда айналым көлемі 1959 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (1567,8 млн.теңге) салыстырғанда 112,6%.

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 17582,9 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (6063,1 млн.тенге) салыстырғанда 290%. Нақты көлем индексі 275,4%.

 

Іске қосылатын тұрғын үйлер көлемі 672 шаршы метр. 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (2303 ш.м) салыстырғанда 29,2%.

 

Қаржы саласы

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 1901,3 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 88% құрады. 1526  млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 124,6%.

 

 Әлеуметтік сала

           Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 341 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (390 адам)  87,4%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 211 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (146 адам)  144,5%.

         Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 160 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (210 адам)  76,2%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 115 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (165  адам) 69,7%.

 

Денсаулық саласы

2023 жылдың қаңтар-маусым айындағы 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,05 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (21,46)  88,8%.

2023 жылдың қаңтар-маусым айындағы 1000 адамға шаққандағы өлім  коэффициенті 7,19 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,29)  77,4%.

Нәресте өлімі коэффициенті 2023 жылдың қаңтар-шілде айында тіркелмеген.

 

Білім саласы 

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 615 адам өткен жылмен салыстырғанда (644 адам) 95,5%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 504 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (477 адам) 105,7%.

Оқушылар саны 2906, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы 

Аудан бойынша қаңтар-шілде айларының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 55 немесе 161,8%  құрады.

    Ауыр қылмыстан 17 жағдай тіркелген немесе 283,3%, ашылуы 45,5% (2022 жылы 66,7%).

 

 

Ауданның 2023 жылдың қаңтар-шілде айындағы күтілетін әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы
Дата публикации
22 августа 2023